Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа оқу жылының ерекшеліктері ескеріліп, міндеттері шешілді - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа оқу жылының ерекшеліктері ескеріліп, міндеттері шешілді

Қолда бар тәжірибені талдай отырып, облыста жаңа оқу жылына дайындық, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Жаңа оқу жылында Ақмола облысының мектептеріне 132 мыңнан астам оқушы келеді, олардың 15 мыңға жуығы бірінші сынып оқушылары. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқушы саны аз 344 шалғай мектептер (контингенті 21 мыңнан астам оқушы немесе жалпы санының 16 пайызы) жаңа оқу жылын штаттық режимде, 210 мектеп қашықтықтан (контингенті шамамен 110 мың оқушы) бастайды деп жоспарлануда. Бұл ретте, осы мектептердің бастауыш сыныптарында ата-аналардың өтініші бойынша 15 оқушыдан аспайтын кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады. Осындай 2962 кезекші сыныптарда 40 мыңға жуық оқушы оқиды.

Қашықтықтан оқыту педагогтар мен білім алушылардың тікелей байланыссыз қашықтықтан оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық және компьютерлік технологиялар арқылы жүргізілетін болады. Сондықтан, оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету басты міндет болып табылады және қашықтықтан оқыту кезінде үйде оқушыларда тұрақты интернеттің болуы өте маңызды. Облыста 16166 дана компьютерлік техника бар. Бүгінгі күні 1812 компьютер сатып алынды, 1 қыркүйекке дейін жергілікті бюджет есебінен 135 бірлік компьютерлік техника сатып алынады.
Әрине, бірінші кезекте әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балаларды компьютермен қамтамасыз ету қажет. Олардың саны облыс бойынша 25 мыңнан асады. Осы мақсатқа Үкімет резервінен 23042 дана компьютерлік техника сатып алынады. Компьютерлік техникасы жоқ мұғалімдерге салалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы есебінен 6 миллион теңге сомасына 50 ноутбук сатып алынды.
Бүгінде облыстың барлық жалпы білім беретін мектептері кең жолақты жылдам интернетке қосылған. 271 мектепте интернеттің жылдамдығы 4-тен 8 Мбит/с-қа дейін, 283 мектепте 8 Мбит/с-тан жоғары. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, облыс бойынша интернет жылдамдығын 8 Мбит/сек дейін

арттырудың техникалық мүмкіндігі бар бірқатар мектептер анықталды. Білім басқармасы «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, 35 мектепте интернет жылдамдығын 8 Мбит/сек дейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізді. Үй жағдайында қашықтық режимінде оқитын 69 693 оқушының 62 018-і
интернетке қол жеткізе алады, 7675 оқушыда интернет жоқ. Облыста оқушылар мен педагогтарды интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл мәселені шешу үшін оқушыларға Wi-Fi роутерлер, ұялы байланыс операторларының мобильді интернеті бар флеш-карталар беріледі. Қазіргі уақытта Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мобильді операторлармен бірлесіп, оқушылар мен педагогтар үшін айына 990 теңге тұратын «Білім» жеңілдетілген тарифтік жоспарын іске қосты. Бұл тарифтік жоспар мұғалім мен оқушы арасында шексіз қоңырауларды, сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі белгілеген білім беру ресурстарына тегін қолжетімділікті көздейді. Қашықтықтан оқыту білім беру платформаларын пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда барлық мектептер «Bilimland», «Дарын онлайн»,
«Kundelik» ақпараттық білім беру платформасын пайдаланады.
Сонымен қатар, Білім министрлігі Тв сабақ өндіру бойынша жұмыс жүргізуде. Сабақтар 2020-2021 оқу жылының 1-2 тоқсанында, күніне 9 сағаттан республикалық «Балапан» және «Ел Арна» телеарналарында қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Алайда, 51 елді мекен телерадио хабарларын таратудың жерүсті эфирлік желісімен қамтылмаған, оның ішінде 12 ауылда мектеп жасындағы бал

алар жоқ. 34 мектеп штаттық режимде, ал, 5 мектеп қашықтықтан жұмыс істейтін болады.
Балалардың денсаулығын сақтау үшін штаттық режимде оқуды жоспарлаған ауылдық шағын жинақталған мектептер мен бастауыш сыныптар дезинфекциялау, санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілетін болады. Санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілуін жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Облыс мектептерінде 14 мыңнан астам мұғалім еңбек етеді. Оқу жылының басында мектептер түгелдей педагог кадрлармен толықтырылады. Тамыз айында мектепке 575 маман келді, оның ішінде 334-і жас мұғалімдер. Педагогтардың IT-құзыреттілігін арттыру бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. 10-15 тамыз аралығында облыс педагогтары «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» тақырыбында онлайн-курстардан өтті.
Бүгінде барлық оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді. Оқулықтарды білім беру ұйымдарына жеткізу және оларды оқушыларға тарату бекітілген кесте бойынша аяқталды, осы мақсатқа шамамен 1 миллиард теңге бөлінді. Эпидемиологиялық жағдай біздің мектеп құрылысы бойынша жұмысымызды тоқтатқан жоқ. 1 қыркүйек қарсаңында Целиноград ауданында 1500 орындық 2 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Жыл соңына дейін тағы 812 орынға 3 мектеп (Максимовка ауылында 300 орынға, Целиноград ауданы Қарамеңді батыр ауылында 120 орынға, Көкшетау қаласындағы оқу-тәрбие кешені 392 орынға) және Көкшетау қаласында №1, №6, №13 мектептерге қосымша оқу корпустары пайдалануға беріледі. Мұның бәрі облыстың 6 мектебінде үш ауысымда оқыту мәселесін алып тастауға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, облыстың екі мектебінде қайта жаңарту жұмыстары аяқталады. Биыл мектептерді жөндеу бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында облыстың 114 мектебі жөнделді. Бұдан басқа, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен 100 пайыз қамтамасыз ету бойынша жұмыс аяқталды. Жаңа оқу жылына колледждер де дайындалды. «Бәріне тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында жаңа оқу жылында бюджет қаражаты есебінен облысымыздың 32 колледжіне 6 мыңға жуық студент қабылданады. 1 мыңға жуық студенттер контингенті бар 8 шағын колледж штаттық режимде оқитын болады.
Педагогикалық, IT, әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтар бо-йынша білім алатын студенттер қашықтықтан оқиды. Технологиялық, аграрлық, медицина, өнер саласында білім алатын студенттер аралас қашықтықтан оқитын болады. Яғни, дәрістер мен семинарлар онлайн режимінде өтеді, ал, зертханалық сабақтар мен өндірістік практика күндізгі форматта жүзеге асырылады. Барлық колледждер қашықтықтан жұмыс істеуге дайын. Жеке компьютерлік техникасы жоқ студенттер мен оқытушыларға колледждің компьютерлері уақытша пайдалануға беріледі.
Қашықтықтан оқытуда колледждер CollegeSmartNation, Platonus және SOVA жүйелерін пайдаланатын болады. Басқа да білім беру ұйымдарының жұмысы кезең-кезеңмен қайта басталады. Мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар қайта ашылды. Бүгінде 206 мектепке дейінгі ұйымда 568 кезекші топ жұмыс істейді. Кезекші топтың толықтырылуы да 15 тәрбиеленушіден аспауы тиіс. Қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептердегі оқыту санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін қашықтықтан ұйымдастырылады. Алайда, ата-аналардың өтініші бо-йынша балаларды дәстүрлі режимде оқыту құқығы қалады. Бұл ретте топтардың толықтырылуы 5 адамнан аспайтын болады. Ата-аналар мен балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында онлайн-кеңестер өткізіледі. Күрделі денсаулық проблемалары бар балаларды қабылдау алдын ала жазылу тәртібімен жеке жүзеге асырылады.
Жалпы, білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау жұмыстары жалғасуда. Білім басқармасы тұрақты негізде қашықтықтан оқыту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ағымдағы жылдың 15 шілдесінен бастап білім басқармасы үш брифинг өткізді. 10-14 тамыз аралығында жалпы білім беретін мектептердің барлық директорларымен және орынбасарларымен 10 онлайн кездесу өткізіліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқу жылының басталу мәселелерін талқылау бойынша сарапшылар қауымдастығымен, БАҚ өкілдерімен күн сайын жұмыс жүргізіледі. Сонымен қатар, балаларға арналған «Үйде қалай оқу керек?», «Гигиена негіздері», «Киберкультура», «Интернет арқылы қалай оқу керек?» бірыңғай сынып сағаттары өткізілгенін айтқым келеді. «Баланы үйде оқытуды қалай ұйымдастыру керек?», «Өзара қарым-қатынас психологиясы», «Білім алушыға көмек көрсету» бірыңғай ата-аналар лекторийі өткізілді.
Эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, халықтың сырқаттанушылық деңгейі төмендеген соң санитарлық талаптарды сақтай отырып, оқытудың штаттық форматына біртіндеп көшу жүзеге асырылатын болады. Осы ретте, ақмолалық педагогтарды келе жатқан Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылында толағай табыс тілегім келеді.
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар