Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Көкшетау қалалық полиция бөліміне облыс орталығының 50 жастағы тұрғынының өтініші келіп түсті.
Ол үйдің кіреберісінде оның банк карталарын, құжаттары мен ақшалай қаражатын ұрлап кеткенін хабарлады. Арызданушы шығын сомасын 220 000 теңгеге бағалады.
Жәбірленуші қаладағы дәмханаларының бірінде бұрын сотталған адаммен танысқан. Бірге ішкеннен кейін, жаңа танысы зардап шегушіні қатты тұншықтырып, кейін үйдің кіреберісінде оның барлық заттары бар әмиянын ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Көкшетау қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол жасалған қылмысты мойындады. Қазіргі уақытта айғақты заттар тәркіленіп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.
Альмира МАНАТОВА.