Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңсыз несие рәсімдеп, алдап соғуда - АРҚА АЖАРЫ

Заңсыз несие рәсімдеп, алдап соғуда

Ақмола полицейлері басқа біреудің жеке куәлігін пайдаланып, несие ресімдемек болған жігітті анықтады.

Адамдардың жоғалған жеке куәліктері көбіне алаяқтардың қолдарына түседі. Мысалы, ағымдағы жылдың 26 тамызында Бурабай ауданының полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне «Kaspibank» акционерлік қоғамы филиалы директорынан 2020 жылдың 4 тамызында белгісіз адам жалған жеке куәлікті пайдаланып, 140 мың теңге сомаға тауар несиесін ресімдемек болғаны туралы өтініш келіп түсті.
Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі –«Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Оның барысында Щучинск қаласындағы сауда нүктелерінің бірінде жоғалған жарамсыз куәліктің көмегімен несие ресімделмек болғаны анықталды. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Щучинск қаласының 26 жастағы тұрғыны анықталды, ол бұрын ұрлық, тонау және бұзақылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ер адам өз кінәсін мойындап, айғақты зат тәркіленді.
Полицейлердің айтуынша, мұндай жағдайлар бүгінде жиі кездеседі. Алаяқтар құжаттардағы деректерді пайдаланатын ондаған сызбаларды ойлап табады. Қаскүнемдердің қармақтарына бірнеше ақмолалықтар тап болған. Әдетте, оқиға құрбандары бұл туралы бірнеше айдан кейін ғана біледі.
Анар АСХАТОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар