Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарында үй құстарының өлуі тіркелген. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі құс тұмауының шығуы жөнінде мәлімдеме жасады.
Тұмауға қарсы құстарға алдын алу иммунизация өткізу қажеттігі туындайды. Осыған байланысты қауіпті аймақта құстарды иммунизациялау үшін вакциналар қажеттілігі ескеріліп, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне өтінім жіберілді. Бүгінгі күні Ақмола облысында үй құстарының өлуі Жарқайың ауданының Шойындыкөл ауылында тіркелді.
Ауданның ветеринарлық қызметі биологиялық материал жинап, диагнозды анықтау үшін ветеринарлық зертханаға жіберді. Эпизоотикалық қарсы шаралар жүргізілуде. Жоғары патогенді құс тұмауы бойынша облыс аумағындағы қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында Ақмола облыстық ветеринария басқармасы барлық меншік түрінің субъектілеріне ветеринарлық заңнама нормасының сақталуын қамтамасыз ету, өлім оқиғасы жөнінде ветеринария қызметін атқаратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринарлық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау органдарына хабарлау қажеттігі жөнінде ескертеді.