Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азғындықта шек бар ма?!. - АРҚА АЖАРЫ

Азғындықта шек бар ма?!.

Таяуда Ютуб сервисінде Алматы маңындағы қаңғыбас иттерді ұстайтын орында төрт иттің зорланғаны туралы видео жарияланды. О заман да, бұ заман, иттің зорланғанын кім естіген. Мына хабарды естіп, оқиғаның анық-қанығын білмек болған блогерге ит ұстайтын мекеменің қызметкерлері есік ашпай, дұрыс жауап та бермеді.

Кейін белгілі болғандай, оқиға желісі былай өрбіген. Қаңғыбас иттерді ұсайтын мекеменің қызметкерлерінің қатыгездігін көріп, куәсі болып жүрген волонтерлер оқта-текте келіп, тірліктен теперіш көрген төрт аяқтыларға қолдан келгенше көмек көрсетіп тұрады екен. Бір келгенде жарақат алып, бүрісіп жатқан бірнеше итті көріп, оларға жанашырлық танытқан волонтерлер ветеринарға апарып көрсетпек болады.
Волонтерлердің бұл әрекетіне ит ұстайтын мекеме қызметкерлері еш кедергі жасамайды. Содан ветеринар иттерді қарап көргенде, сұмдық жайдың куәсі болады. Әкелінген төрт иттің төртеуі де зорланған болып шығыпты. Иттің жыныс мүшесіне таяқ тәрізді қатты нәрсе тығылған екен. Қансыраған иттерге ветеринар мүмкіндігінше медициналық жәрдем көрсетеді.
Осы істің жанында болып, видео түсірген блогердің пайымынша, иттерді адам табиғи түрде, яғни, жыныс жақындығына барып зорламаған. Дегенмен, дөрекі жыныс жақындығын бейнелейтін әрекет жасап, иттің жыныс мүшесіне қатты затты тыққан сияқты. Содан иттер қансырап, қатты жарақат алған.
Енді бұл әрекетті адам немесе адамдар не үшін жасады? –дегенге келсек, оның астарында үлкен мән бар екен. Ар-ұяттан жұрдай болып айрылған, ғылыми тілмен зоофил деп аталатын хайуандармен жақындасуға бейім адамдар осындай жақындықты бейнелейтін видеоларды көруге ынталы болады екен. Олар сол үшін қып-қызыл ақша төлеуден де қашпайтын көрінеді. Осыған орай, әлгіндей зоофильдердің сұранысын қанағаттандыратын видеолар дайындап, содан ақша табатын пысықайлар да аз болмайтын секілді.
Міне, сондай пысықайлар Алматы маңындағы ит ұстайтын мекемеге келіп өздері немесе осы мекеменің қызметкерлері арқылы ит зорлау оқиғасын бейнелейтін видео түсіргенге ұқсайды. Әрине, бұдан аталмыш мекеме қызметкерлеріне де біраз ақша түсетіні белгілі. Қит етсе, мекемеде ұсталатын қаңғыбас иттерді ұрып-соғудан қашпайтын мекеме қызметкерлері үшін иттің зорлануы түкке тұрғысыз нәрсе болса керек.
Ғылым тілімен айтқанда зоофиль деген хайуандармен және аңмен жақындасуды білдіреді. Осындай термин немесе ұғым бар екен, онда соны жасайтын адамдардың да болатыны анық жай. Осыдан біраз жыл бұрын бір республикалық газетте оңтүстік аймақтардың бірінде бір жігіттің біреудің ешкісін зорлап, тірі куә қалдырғысы келмесе керек, зорланған ешкіні қылғындырып өлтіргені туралы мақала жарияланған болатын. Өлген ешкінің иесі бұл оқиғаны жай қалдырмай, полицияға хабарлайды. Құқық қорғаушылар анықтай келе, ешкінің зорланғанын және қылғындырып өлтірілгендігін сараптама арқылы анықтайды. Оқиғаға кінәлі де көп ұзамай белгілі болады. Осы әрекеті үшін әлгі жігіт біраз айыппұл төлеп құтылған еді.
Осындай естір құлаққа ерсі арсыздық оқиғалар өкінішке орай, еліміздің әр өңірінде кездесіп жатады. Шет елде әлдеқашан белең алып кеткен бұндай арсыздықтар ақырындап, біздің елімізге де еніп, адамдардың санасын улауда. «Жаман әдет жұққыш келеді» дегендей, хайуанмен жақындасуға ынталы адамдар саны жыл өткен сайын көбейіп келе жатқандай. Әрине, бұл мәселені нақты қазып зерттеп, анық-қанығын анықтап жатқан ешкім жоқ. Сондықтан, оның қаншалықты таралғандығы бізге белгісіз. Ал, жоғарыда аталған оқиға осы бұрын онша көңіл бөле қоймайтын кеселдің барлығын және қоғам үшін қауіптілігін еске салып кеткендей болды.
Блогердің пайымынша, ит ұстайтын мекемеде түсірілген видео интернет арқылы барша әлемге таралады. Оның қанша адамның санасын улайтынын кім білсін. Яғни, бұл оқиғадан тек төрт аяқты ит қана зардап шегіп қоймай, адам санасына әсері арқылы ондаған, жүздеген адамдар да зардап шегуі әбден мүмкін. Ар-ұятты ұмытқан пенделер ит пе, адам ба, бала ма, сәби ме қарамайтыны анық. Сондықтан, бұл қатерлі дерттің белең алуына жол бермейміз десек, осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс ашылып, оған қатысы бар жазықты жандардың бәрі заң шеңберінде жазасын алулары қажет және бұндай қылмыс түріне қатысты жазалау шараларын қатаңдатқан жөн.

Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар