Азаматтық белсенділік танытуымыз қажет

Азаматтық белсенділік танытуымыз қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуіне орай, алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін болды.
Қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның алдында дағдарысқа қарсы тиімді шаралар қабылдау, орнықты экономикалық дамуды және азаматтарымыздың әлеуметтік игілігін қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру міндеті тұр.

Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізетіндігі осы бір маңызды саяси науқанның ойдағыдай өтетіндігі жөнінде көңілге үлкен сенім ұялатады. Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастардың тартылуы, Елбасының жастардың қайсар да жігерлі мінезі мен ұшқыр ойлы біліміне үміт артуы қазақстандықтардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді деген ойдамын.

Біз ел дамуының жаңа және жауапты кезеңіне аяқ басып отырмыз. Оның барысында бірлігіміз бен тұтастығымызды нығайта түсу арқылы ғана өз жетістіктерімізді қорғап, Отанымызды дамудың жаңа белестеріне шығара аламыз. Қазақстанды өркендету, азаматтарымыздың игілігі үшін қызмет ету – ортақ парызымыз. Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді жан-жақты жаңғырту бағытындағы жаңа тарихи миссиясын лайықты атқаратынына сенім мол. Олай болса, осы жолда біз, қоғам мүшелері де азаматтық белсенділігімізді танытуымыз қажет!

Төлеген Әбдин,

Ерейментау аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *