Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тексерістер кезінде талаптың ескерілмеуі орын алуда - АРҚА АЖАРЫ

Тексерістер кезінде талаптың ескерілмеуі орын алуда

Облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде коронавирус пандемиясына қатысты өткен кезекті брифингте Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Уақыт Бейсембаев мобильді мониторингтік топтардың жұмысы туралы айтып берді.

Әлемде аталмыш індет бойынша жантүршігерлік статистикалар орын алып жатқаны белгілі. Біздің елде де бұл аты жаман ауру дендеп барады. Облыс бойынша берілетін статистикалық мәліметтерде Көкшетау қаласы коронавирус жұқпасымен ауырғандар бойынша бірінші орында. Онда осы күні 2588 адам індетке шалдыққан.
Індеттің алдын алу үшін немесе халықты эпидемиологиялық жағдайға байланысты ақпараттандырып, шектеулерді түсіндіру, бас санитарлық дәрігердің қаулыларындағы талаптардың орындалуын қадағалау мақсатында көктемде арнайы мобильдік мониторингтік топтар құрылған болатын. Олар шаһардағы сауда және ойын-сауық орталықтары мен дүкендерді, базарларды, қоғамдық көліктерді, дәріханаларды аралап, карантиндік шектеулерге байланысты белгіленген талаптардың орындалуына бақылау жасайды. Бүгінде Көкшетау қаласында 12 топ бар. Олардың құрамына құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер палатасының мүшелері бар. Бұрын осы топтардың құрамында болған санитарлық қызмет өкілдері мен медициналық қызметкерлер қазір тек колл-орталықтарда халық тарапынан қойылатын сауалдарға жауап беріп, мониторингтік тексеріс кезінде туындайтын даулы жағдайларда ғана баратын болды.
–Бұл топтардың мақсаты коронавирустың таралуының алдын алу, халықты барынша сақтық шаралары бойынша ақпараттандыру. Бір топта 4 адамнан болады. Олар белгіленген күні бір көшені таңдап алып, сол бағытта орналасқан дүкендерге, қоғамдық орындарға, мемлекеттік мекемелерге кіріп, бас санитарлық дәрігердің қаулысының орындалуына, санитарлық талаптардың сақталуына мониторинг жасайды. Мобильдік топ мүшелерінде өздеріне қатысты анықтама қағаздары, бас санитарлық дәрігердің қаулысы болуы тиіс. Олар сол құжаттардың негізінде дүкен, сауда орталықтарына кіріп, қаулыдағы талаптардың орындалуын тексеріп, ескерту жасайды, ескермеу немесе талапқа бағынбау секілді жағдайлар орын алғанда қатаң түрде әкімшілік жауапкершілікке тарта алады. Егер карантиндік шектеулерді жиі бұзатын болса, кәсіпкерлерге, мекемеге заң шеңберінде айыппұлдар салынады. Талапқа бағынбау, тыңдамау сияқты жағдайлар болса, топ мүшелері 102-нөміріне телефон шалады. Жағдайды базада тіркеп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы акті толтырады, осылайша тәртіп сақтамағандар тиісті жауапқа тартылады. Жалпы, топ мүшелері жағдайға мониторинг жасап, нәтижелерін билік өкілдеріне тапсырады, –деді қала басшысының орынбасары.
Облыс орталығында соңғы он күн ішінде 252 адам КВИ-мен тіркелді. Қазіргі уақытта олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Пандемияның өршіп бара жатқандығына байланысты мобильді топтар 3 қарашада 48 нысанды тексеріп, олардың 10-ында талап бұзушылықтар анықтаған. Ал, 11 қарашадағы мониторингтік тексеріс 73 нысанды қамтып, оның 4-еуінде талапқа бағынбау жағдайлары белгілі болыпты.
–Қазіргі уақытта карантиндік шектеуліктерді бұзу, санитарлық талаптарды сақтамау секілді жағдайлар азайып келеді, – дей келе, қала әкімінің орынбасары «Шафран» дәмханасына 100 АЕК, Көкшетау автобус паркіне 200 АЕК көлемінде айыппұл салынғандығын атап өтті. Сауда орталықтары мен дүкендер бойынша өткен тексеріс кезінде «Самал» дүкеніне 319477 теңге айыппұл салынғандығына назар аударды.
–Жалпы, бұл індетпен күресуге қыруар қаржы жұмсалуда. Бірақ, көбіміз талапқа бағынғымыз келмейді. Аурудың белең алып кетпеуі және індет ошақтарының көбеймеуі үшін қойылып жатқан талаптарды орындамайтындарға айыппұл салған өте орынды, – деген қала әкімінің орынбасары жақында бой көтеріп, есігін айқара ашқан «ақылды» – жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы жайлы да әңгімелеп берді.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажырының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар