Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жалпыға міндетті оқу қорынан балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі анықтамалар жұмыспен қамту орталықтарында беріледі - АРҚА АЖАРЫ

Жалпыға міндетті оқу қорынан балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі анықтамалар жұмыспен қамту орталықтарында беріледі

Ағымдағы жылдың қараша айының ортасынан бастап халықты жұмыспен қамту орталықтары (бұдан әрі – ХЖҚО) өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылмайтынын, бірақ табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз екенін растайтын анықтама ұсынатын болады. Бұл құжат жалпыға міндетті оқу қорынан оқушыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін қажет.
Тиісті шешім ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте қабылданды.
Бұрын жоғарыда аталған көмекті көрсету үшін білім беру саласының әлеуметтік қызметкерлері өтініш берушілердің табыстары туралы мәліметтерді жинап, жан басына
шаққандағы орташа табысты өздері есептейтін еді.
Бұл қызметті ҚР Еңбек министрлігінің жетекшілігіне беру азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгінуін азайтуға және білім беру саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
ХЖҚО ҚР Еңбек министрлігінің «Е-Халық» ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, азаматтарға ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз немесе одан жоғары табыс мөлшері көрсетілген анықтамалар беретін болады.
Осылайша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрландыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында қызметті уақтылы және жеңілдетілген түрде алу қамтамасыз етіледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар