Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қорғалжын ауданының әкімі Берік Жанбаев: «Егіншілік пен мал шаруашылығын қатар дамытудамыз» - АРҚА АЖАРЫ

Қорғалжын ауданының әкімі Берік Жанбаев: «Егіншілік пен мал шаруашылығын қатар дамытудамыз»

Қорғалжын ауданының әкімі Берік Жанбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауданның 2020 жылдың он айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен келер жылға арналған  жоспарлары туралы баяндап, өңір тұрғындарын сапалы ауыз сумен, тұрақты жұмыспен қамту мәселелері біртіндеп шешімін тауып келе жатқанын атап өтті.

2020 жылы ауданда ауқымды жұмыстар атқарылып, нәтижесінде макроэкономикалық көрсеткіштердің өскені байқалады. Аудандық бюджетке 175,7 миллион теңге түсімдер түсіп, жоспар 102 пайызға орындалған.  Бюджеттің игерілуі 97,7 пайызды құрайды.  Қорғалжын ауданы бойынша биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде бес  жобаны іске асыруға 400 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Атап айтсақ, олар Майшұқыр негізгі мектебін, Қорғалжын мектеп-гимназиясы ғимаратының шатырын күрделі жөндеуден өткізу және Қорғалжын ауылының жолдары мен  осындағы «Балауса» балабақшасының ғимаратын ағымдағы жөндеуге қатысты жобалар. 2020 жылы ауданда ауқымды жұмыстар атқарылып, нәтижесінде макроэкономикалық көрсеткіштердің өскені байқалады. Аудандық бюджетке 175,7 миллион теңге түсімдер түсіп, жоспар 102 пайызға орындалған.  Бюджеттің игерілуі 97,7 пайызды құрайды.  Қорғалжын ауданы бойынша биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде бес  жобаны іске асыруға 400 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Атап айтсақ, олар Майшұқыр негізгі мектебін, Қорғалжын мектеп-гимназиясы ғимаратының шатырын күрделі жөндеуден өткізу және Қорғалжын ауылының жолдары мен  осындағы «Балауса» балабақшасының ғимаратын ағымдағы жөндеуге қатысты жобалар. Қорғалжын ауданында ауыл шаруашылығын дамыту жақсы жолға қойылған. Биыл ауданда 137 мың 681 гектар жерге жаздық дақылдар егілді. Оның ішінде 132 мың 411 гектар жерге дәнді дақылдар, 4 мың 760 гектарға зығыр себілсе, 83,6  гектарға  картоп отырғызылған. Жауын-шашынның мол болуының және заманауи технологияларды қолданудың арқасында аудан диқандары 130 мың 958 гектар алқаптан 155 580 тонна бидай жинады. Гектар берекесі 11,9 центерден айналды. Өңірде егін шаруашылығымен қатар, мал шаруашылығы да жақсы дамып келеді.  Ауданда 22 029 бас ірі қара, 33 601 бас  қой және ешкі, 13 647 бас жылқы бар. Оған қоса 22 595 бас үй құсы өсіріледі. Ірі қара мал басының тұқымдық сапасын жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылған. Мал  басының тұқымдық сапасын жақсарту жұмыстарымен  50 тауар өндіруші құрылым айналысады. Аудан елорданың азық-түлік белдеуін қалыптастыруда үлкен рөл атқарып отыр. Мұнда өндірілген ет-сүт өнімдері негізінен Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтіледі.    2020 жылдың он айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 миллиард 612 миллион 400 мың теңгені құрады. Ауданда 578 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, оның 116-сы шағын бизнес, 262-сі фермерлік шаруашылық және 200-і жеке кәсіпкерлер.  Биылғы жылы аудан бойынша атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 739 миллион 300 мың теңгені құраған.  Осы арада айта кетсек, өңірде иесіз қалған нысандарды жөндеуден өткізіп, пайдалануға беру арқылы кезекте тұрған  тұрғындарды баспанамен қамту мәселесін шешу жұмыстары қолға алынуда.  Мәселен,  Қорғалжын ауылындағы Ә.Жангелдин көшесіндегі 2/2 және 2/3 тұрғын үйлерді  екі қабатты жатақхана етіп қайта салу, ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу мен жобалық-сметалық құжат әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы қарастырылған.  –Мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге жағдай жасау мақсатында Қорғалжын және Кеңбидайық ауылдық округінде мал қораларын салуды жоспарлап отырмыз. Құрылыстың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен 2,5 миллион теңге бөлінді. Ауылдарды абаттандыру жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Ауылдардағы электр желілері жаңартылуда. Биыл Қорғалжын ауылының көше жолдары торабына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 36,9 миллион теңге бөлінді. Аудандық маңызы бар жолдарға қызмет көрсету, ұстау және жөндеу үшін жергілікті бюджеттен 12,7 миллион теңге бағытталды. Сондай-ақ, облыстық бюджет есебінен 2020 жылға Өркендеу ауылына су тарату құбырларын тартуға сметалық құжаттамаларды дайындау үшін облыстық бюджеттен 9,3 миллион теңге бөлінді, – деген аудан әкімі ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Берік Амантайұлының айтуынша, Қорғалжын ауданы бойынша 18 ауылдың ішінде 11 ауыл орталықтандырылған «Сабынды-Қорғалжын» су трассасынан су алады. Екі ауыл суды тасып ішеді. Олар: Қызылсай және Амангелді ауылдық округтері.  –Амангелді ауылдық округіне қарасты Өркендеу ауылына магистралдьдық су құбырлары тартылды. Биыл облыстық бюджеттен бөлінген 12 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттарын жасап, сараптамадан өткіздік. Енді, республикалық бюджеттен қаражат бөлінсе, жобаны жүзеге асыруды келесі жылы бастаймыз. 2022-2023 жылдарға қарай Өркендеу ауылында үйлерге су тартылады, – деген аудан әкімі республикалық бюджеттен Қорғалжын ауданының су құбырларын ауыстыруға 200 миллион теңге бөлінгенін, оның ішінде Сабынды-Кеңбидайық бағытында 2,2, Сабынды – Қорғалжын бағытында 1,4, Майшұқырда 0,7 шақырым су құбырлары ауыстырылғанын айтты.  Үкімет басшысының тапсырмасымен   келесі жылы Қызылсай ауылдық округіне су тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттар жасалмақшы. Осылайша алдағы екі жылда аудан тұрғындары  толықтай сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады деді аудан әкімі.  Үстіміздегі жылдың он айының қорытындысы бойынша Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту орталығына 380 адам жүгініп, 262 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. 11 қарашаға дейінгі жағдай бойынша  264 адам жұмыссыз ретінде есепте тұр. 28 адам шағын несие алуға өтініш беріп, оның 18-і мақұлданған.  Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 17 грант берілген. Жас-тар тәжірибесіне 30 жас маман жіберіліп, әлеуметтік жұмыс орындарына 16 адам жолдама алған. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 136 адам жіберілген. 30 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өткен. 2020 жылдың 1 қарашасына дейінгі дерек бойынша ауданда атаулы әлеуметтік көмекті алып жатқан 89 отбасы бар. Ауданның білім саласында 15 жалпы білім беретін мектептер, 2 балабақша, 2 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Барлық деңгейдегі білім беру мекемелері оқулықтармен 100 пайыз қамтылған. Бүгінде 13 мектепте санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі режимде білім берілуде. Білім саласымен қатар,  аудан әкімі  денсаулық сақтау, мәдениет салаларында атқарылып жатқан жұмыстарға да жан-жақты тоқталып өтті. Берік Жанбаевтың айтуынша,  ауданда халыққа медициналық қызмет көрсетумен айналысатын 1 емхана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік және 10 медициналық пункт бар. Оларда 12 дәрігер және 62 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Биыл аудандық ауруханаға 4 дәрігер жұмысқа келген. Бұдан бөлек, Целиноград ауданы Ақмол ауылындағы емхананың және астанадағы №2 облыстық аурухананың ақ халаттылары аптасына бір рет ауданға келіп, тұрғындарға дәрігерлік кеңес береді. Осы күні медициналық жоғары оқу орындарында аудан әкімінің гранты бойынша 7 студент білім алуда. Коронавирус пандемиясы кезінде аудандық аурухананың провизорлық стационарында 179 науқас емделіп шыққан. – «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша биыл 74 маман  көтермеақы алды. 20 маманға баспана сатып алу үшін бюджеттен 70,4 миллион теңге қаражат бөлінді, – деген аудан әкімі осылайша Қорғалжын ауданында Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Аудан тарихи ескерткіштерге бай. Оның үстіне мұнда табиғи қорық бар. Осының барлығы этно және эко туризмді дамытуға зор мүмкіндік береді дейді аудан басшысы.    –Жас кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, біз алдағы уақытта қайта өңдеу өнеркәсібін қолға алуымыз керек. Оның ішінде балық шаруашылығы, қымызды қайта өңдеу де бар. Бұлардың барлығы қыруар қаржыны талап етеді. Дегенмен, кәсіпкерлерді тарта отырып, қайта өңдеу өнеркәсібін жолға қоямыз деген ойдамыз. Ауданымыздың табиғаты балық шаруашылығымен айналысуға қолайлы. Аудан аумағында жүзден астам көл орналасқан, сонымен қатар, Нұра өзені өтеді. Қазір 8 балық аулайтын мекеме тіркеліп, жұмыс істеуде. Олардан салық түскенімен, бізге халықты тұрақты жұмыспен қамтитын жұмыс орындары қажет. Шағын балық өңдейтін цехтар ашсақ, өнеркәсіп өнімдері өсіміне игі әсерін тигізер еді. Сол үшін инвесторларды тарту мәселесін ойластырып жатырмыз, – деген аудан әкімі алда тұрған маңызды міндеттерге тоқталып, одан әрі журналистер қойған сауалдарға тұшымды жауаптар қайтарды.   Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ, «Арқа ажарының» өз тілшісі. Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар