Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халықаралық ынтымақтастық бағытымен - АРҚА АЖАРЫ

Халықаралық ынтымақтастық бағытымен

Ғылым мен оның жетістіктері біздің күнделікті өмірімізге жыл өткен сайын көптеп енуде. Ғылымның игіліктерін қоғам үшін пайдалануда бүкіл әлем ғалымдарының зор еңбегі бар. 10 қараша – Дүниежүзілік ғылым күні де қоғамдық жұртшылықты ғылымның соңғы табыстарымен кеңінен хабардар етуге зор үлесін қосып келеді.

Бұл күн жыл сайын аталып өтіледі. Осыны ойлағанда 1999 жылға қайтып ораламыз. Будапештте өткен дүниежүзілік конференцияда ғылыми-техникалық жетістіктерді бейбітшілік мүддесіне және адамзат өркениетінің дамуына жете пайдалану мақсатымен ғылым мен қоғам арасында тығыз байланыс орнату қажеттігі баса атап көрсетілген болатын.
Ең алғаш Дүниежүзілік ғылым күні 2002 жылдың 10 қарашасында атап өтілді. Бүгінгі таңда бұл дата біздің ғаламшарымыздың көптеген елдері үшін бәрі білетін датаға айналды. Өйткені, ғылым біздің қазіргі заманда өзінің тез дамуымен ерекшеленеді. Оның нәтижелері жыл сайын қарапайым өмірімізге көптеп еніп, қоғамның алға басуына үлкен мүмкіндіктер туғызуда.
Ғылыми жұмыс Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері, магистранттары мен докторанттарының да күнделікті жұмысының маңызды бір бағыты болып отыр. Оқу орнында ғылыми жұмыстарды үзбей жүргізу белгілі бір бағыттар бойынша фундаментальді және қолданбалы зерттеулерді оқу мен тәрбие үдерісінде тұрақты пайдалануға жол ашады. Университет бүгінгі таңда халықаралық ғылыми ынтымақтастық кеңістігіне де батыл қадам жасауда. «Қазақстан 2050» Стратегиялық даму бағдарламасына сәйкес оқу орнында инновациялық және коммерциялық ғылыми-зерттеу жобалары батыл іске асырыла бастады. Біздегі ғылыми-кеңесшілік орталықтарының жұмысы Ақмола облысындағы кәсіпорындардың бәсекелестікке қабілетін арттыру мақсатындағы аумақтық проблемаларды шешуге, соған көмектесуді мақсат тұтуда.
Осы бағытта 14 шаруашылық және 45 бастамашылық тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары қолға алынды. Соның нәтижесінде университет президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі С.З.Елубаевқа және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, профессор Н.К.Болатовқа Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің екі патенті берілді. Университетте еліміздің белгілі ғалымдары жетекшілік ететін 12 ғылыми мектеп жұмыс істейді. 2015-2019 жылдар аралығында орындалған зерттеулердің қорытындылары бойынша оларды өндіріске және оқу үдерісіне енгізу туралы 127 құжат алынды. 2019 жылдан бастап университетте инновациялық-конструкторлық бюро өз жұмысын бастады.
Университет ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мемлекеттік қаржыландыру есебінен жүзеге асырылып келеді. Бүгінге дейін бұл сома 40 миллион теңгеден астам қаржыны құрады. Мұның өзі оқу орнында осы бағытта айтарлықтай жұмыстардың қолға алынғанын аңғартса керек. Сондай жұмыстардың бірі педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Н.Тесленконың жетекшілігімен жүргізіліп, қоғамдық сананы модернизациялау жағдайында жастармен жұмыстың теориясы мен практикасын қамтиды. Ал, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Н.К.Болатовтың басшылығымен түрлі органикалық қалдықтарды өндіріске пайдалану, атап айтқанда, биогаз, органикалық-минералдық тыңайтқыштар өндіру тақырыбына арналған.
Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы өздері қатысатын халықаралық конкурстар мен республикалық ғылыми гранттарда талай мәрте жүлделі орындарды жеңіп алды. 2013 жылдан бастап бірқатар оқытушыларымыз министрліктің «Жоғары оқу орнының таңдаулы оқытушысы» атағы мен мемлекеттік гранттарға ие болып келеді. Ал, университет қабырғасында жылма-жыл өтіп жүрген ғылыми конференциялар осы тұрғыдағы потенциалымыздың мол екендігін және бір айғақтауда.
Міне, Дүниежүзілік ғылым күні туралы айтқанда, көңілімізге өз оқу орнымыздың осындай жетістіктері оралады. Алда да мұндай жаңалықтар мол болып, білім мен ғылымды тығыз ұштастыратынымызға сеніміміз мол.
Дмитрий Лепешев,
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті президентінің халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша орынбасары, Қазақстан Республикасы педагогикалық ғылымдар академиясының академигі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар