Атмосфералық ауаның жағдайы тұрақты бақылауда

Ақмола облысы аумағының атмосфералық ауа жағдайы 8 бекетте бақыланады. Оның ішінде, Көкшетау қаласында 2 бекет (1 қолмен,1 автоматты), Степногорск қаласында 1 бекет (автоматты), Атбасар қаласында 1 бекет (автоматты), Шортан-Бурабай курорттық аймағында 4 бекет (автоматты) орналасқан.

Көкшетау қаласы атмосфералық ауасының ластану деңгейі – «Казгидромет» мемлекеттік кәсіпорнының тоқсан сайынғы ақпараттық бюллетеніне сәйкес жоғары ластану санатына жатады. Көкшетау қаласы бойынша азот оксидінің шектеулі концентрациясының 2 есе артуы 343 мәрте, өлшенген заттардың (шаң) 1,2 есе артуы 3 рет тіркелген. Негізгі себеп, автоматты бекет орналасқан жерде көмірмен жағылатын жер үйлер жақын және автокөлік жолы бойында орналасқан.
Басқа жағдайларда атмосфералық ауаның жоғары ластануы немесе экстремалды жоғары ластану тіркелмеген. Көкшетау қаласында атмосфералық ауаның негізгі ластаушысы – автокөліктер мен жеке тұрғын үйлерден шығатын зиянды заттар. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша облыста 312 мыңға жуық автокөлік тіркелген, оның 260 мыңы жеңіл автокөлік, 5 мыңы автобус, 40 мыңы ауыр жүк автокөліктері. Аталған көліктердің қолданыстағы саны 130 мың шамасында немесе барлық көліктің 44 пайызы.
Есептік талдауларға қарағанда, Көкшетау қаласы кәсіпорындарынан 13 301 тонна, автокөліктерден – 5000 тонна, жеке тұрғын үйлерден 1 900 тонна ластаушы заттар атмосфералық ауаға таралған. Барлық атмосфераға тараған заттар көлемі – 20 248,6 тоннаға жуық. Пайыздық есеппен қарастырсақ автокөліктен шығатын шығарындылар көлемі – 24,6 пайыз, «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының атмосфералық ауаға шығатын шығарындылар көлемі – 30,1 пайыз, жер үйлердегі пештен шығатын ластаушылар көлемі – 9,6 пайыз, басқа кәсіпорындар шығарындылары – 35,5 пайыз көлемінде. Көкшетау қаласындағы көмірмен жағылатын жеке тұрғын үйлер саны – 11 мың шамасында, ол үйлерде 2019-2020 жылғы жылу маусымында 40 мың тонна көмір жағылған. «Казгидромет» мемлекеттік кәсіпорнының тоқсан сайынғы ақпараттық бюллетеніне сәйкес Степногорск, Щучинск-Бурабай курорттық аймағының ластануы төмен ластану деңгейіне жатады, автоматты бекеттегі бақылауларға сәйкес шектеулі концентрациядандан асу байқалмаған.
Атбасар қаласындағы «Казгидромет» мемлекеттік кәсіпорны автоматты бекетінің мәліметтерінше жоғары ластану деңгейіне жатады. Қалада орналасқан автоматты пост мәліметінше 2,5 шаңының орташа күндік концентрациясы 1,5 шектеулі концентрациясын құраса, 10 шаңның орташа күндік концентрация-сы 2,2 шектеулі концентрациясын құраған. Жалпы алғанда, Ақмола облысы аумағындағы атмосфералық ауа ластану деңгейі тұрақты саналады, автоматты және стационарлы бекеттерде жоғары және экстремальды жоғары ластану деңгейі тіркелмеген. Облыста 2 қала жоғары ластану деңгейіне, қалған қалалар төменгі ластану деңгейінде.
Ақмола облысы бойынша экология департаментінің мамандары профилактикалық және жоспардан тыс тексеріс кездерінде кәсіпорындардың стационалы-ұйымдастырылған және жылжымалы ластану көздерінен шығатын ластаушы заттарды кәсіпорындарға белгіленген нормативтерінен асырмауын аспаптық зерттеулермен бақылап отырады. Сонымен қатар, әр тоқсан сайын Ақмола облысы аумағындағы 8 ірі кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймақтарында атмосфералық ауа ластануын аспаптық бақылау жүргізеді. 2020 жыл ішінде шектік нормативтерден асу фактілері тіркелген жоқ.

Алма ДҮЗЕЛБАЕВА,
Ақмола облыстық экология департаментінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар