Созылмалы шаршаңдық пен бұлшық ет әлсіздігінен басқа, коронавирустан сауыққан жастар үшін басты қауіп психологиялық проблемалар болып табылады.
Итальяндық дәрігерлердің пікірінше, жастар арасында психологиялық проблемалар КВИ-ді өмірдегі денсаулыққа алғашқы ауыр соққы ретінде қабылдануына байланысты туындауы мүмкін.
«Егер қарт адам созылмалы аурулармен өмір сүре берсе, жастар өздерінің нәзіктігін түсінеді. Олар ауруды өмірге қауіп төндіреді деп ойламайды», – дейді мамандар. 20 мен 40 жас арасындағы жас-тарда індетті жұқтырғаннан кейін эмоцио-налды әсер пайда болады, ағзаның әрбір белгілері көпмәртелі көлемде сезіледі.
Физикалық бұзылулардан басқа, мазасыздық, көңіл-күйдің өзгеруі және ұйқысыздықты қамтитын психологиялық синдромдарды сауығып шыққан адамдардың шамамен үштен бірі сезінеді екен. Британдық және канадалық ғалымдар тобы COVID-19 ауыр неврологиялық асқынуларға,
оның ішінде мидың қабынуына әкелуі мүмкін екендігін анықтаған. Коронавирустың адам денсаулығына ауыр зардаптарын тигізетіндігін, тіпті, өлімге әкелетіндігін қазақстандық ғалымдар да атап өтуде.