Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесінің алынуына байланысты жер учаскелерінің бөлігін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымындағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындылары туралы» Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің 2019 жылғы 26 маусымдағы шешіміне сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Целиноград ауданы Софиевка ауылдық округінің аумағында орналасқан, 49 жыл мерзімге уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен берілген, кадастрлық нөмірі 01-011-048-199, зымырандық-авиациялық қару-жарақ оқ-дәрілерінің көп бейінді қоймасын салу үшін жер учаскесін алып қоюға байланыс-
ты, ауданы 18,10 гектар, оның ішінде 18,10 гектар жайылым, оның ішінде 17,54 гектар түбегейлі жақсартылған «Ақ ДӘН» агрофирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесінің бір бөлігін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Целиноград ауданының әкімдігі:
1) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хабарламаның мемлекеттік тіркелуін жүзеге асыруды;
2) осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей жер пайдаланушыға жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны пошта жөнелтілімінің табыс етілгені туралы хабарламаны міндетті түрде алатындай етіп, пошта арқылы жіберілуін;
3) жер пайдаланушының немесе уәкілетті мемлекеттік органның және ұйымның иеліктен шығарылатын жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін беруді;
4) мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің құнына бағалау жүргізуді;
5) мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің құнын бағалау нәтижелері бойынша он жұмыс күні ішінде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарттың жобасын дайындауды және пошта жөнелтілімін табыс ету туралы хабарламаны міндетті түрде ала отырып, жер пайдаланушыға пошта арқылы жіберуді;
6) жер пайдаланушы қаулымен келіспеген немесе мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін иеліктен шығару туралы шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, жазбаша хабарлама алған кезден бастап үш ай өткен соң, бірақ қаулыда айқындалған мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру мерзімінен (күнінен) кешіктірмей, жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сотқа талап-арыз жіберуді;
7) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімінің жариялылығын сақтауды қамтамасыз етсін.
3. Целиноград ауданының әкімдігі, Ақмол ауылы, Нау-рыз көшесі, 34 мекенжайы, келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер пайдаланушының өтініш беру орны болып белгіленсін.
4. Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы жер пайдаланушыдан шарт жобасымен келісу туралы жазбаша өтініш алған сәттен бастап бір ай ішінде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын келісу үшін Ақмола облысының мәслихатына жіберсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғ.К. Әбдіхалықовқа жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі және ол қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануы тиіс.
Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар