«Nur Otan» партиясынан Ақмола облыстық және Көкшетау қалалық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар «Тыныс» АҚ жұмысшыларымен кездесті, онда олар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын жариялап, аймақтың даму перспективаларын талқылады.
Жиналысты Көкшетау қалалық «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабының төрағасы Зәуреш Нұрымова ашып, жүргізіп праймериздің партияішілік сайлаудың нәтижелерімен таныстырды. Бүгінгі күні Ақмола облысынан облыстық мәслихатқа 10, қалалық мәслихатқа 25 және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне үш кандидат ұсынылды.
Депутаттыққа үміткер, «Камаз-Инжиниринг» АҚ-ның бас директоры Сергей Кистин аймақ кәсіпкерлерінің «Nur Otan» партиясының тікелей көмегімен мемлекет пен үкіметтен түрлі бағдарламалар түрінде қандай қолдау алатындығы туралы толығырақ тоқталды.
«Менің сайлауалды бағдарламам негізінен кәсіпорындардың мәселелерін шешуге негізделген. Менің ойымша, кез-келген кәсіпорынның табысты жұмыс істеуі үшін қажетті негізгі үш критерий – бұл дайындалған кадрлар, қолжетімді шикізат және озық технологиялар», –деп атап өтіп, ол бұл бағытты дамытып, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарына барлық түрдегі көмек көрсетуді жоспарлап отырғанын айтты.
Спикер атап өткендей, пандемияның ең қиын жылында үкімет пен «Nur Otan» партиясының қатысуымен бизнесті қолдау бойынша ауқымды шаралар қабылданды. Бұл салықтарды кейінге қалдыру, қарыздар мен төлемдер бойынша және қарыздарды қайта қаржыландыру мүмкіндігі туралы еді.
«Мұның бәріне партияның қатысуымен қол жеткізіледі. Бірде-бір партия мұндай міндеттемелерді қабылдамайды және бизнес үшін «Nur Otan» партиясындай көп жұмыс жасамайды, – деп қосты С.Кистин.
30 жылдан астам уақытын білім беру саласына арнаған «Қазақстан агроинновациялық корпорациясы» ЖШС директорының орынбасары Талғат Жүнісов өзінің сайлауалды бағдарламасының бір бағыты – білім, ғылым және өндірісті интеграциялау туралы екенін баяндады.
«Біз білікті адамдармен ғана жаңа инновация жасап, ғылымды дамыта аламыз. Бүгінгі таңда экономиканы көтеру үшін біз осы бағытпен жұмыс істеуіміз керек», – деп түсіндірді Т.Жүнісов.
Спикер жиналғандарға Елбасы Жолда-уында айтылған талантты жастарды қолдау туралы мәселені еске салды. Мәселен, келер жылдан бастап жас ғалымдарға арналған гранттар бөлінеді.
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дың проректоры сөз сөйлеп, праймериз кезінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын мұқият зерттегенін және бұл халықтың өмірін жақсарту бойынша нақты міндеттерді белгілейтін бағдарлама екенін түсінгенін атап өтті. Сондай-ақ, «Алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясының жетекші орын алатынына ешкімнің күмәні жоқ шығар», – деп қосты спикер.
«Өрлеу» Ақмола біліктілікті арттыру институтының филиалы АҚ-ның директоры Нина Стукаленко студенттер де, оқытушылар да қиын жағдайға тап болған пандемия кезіндегі институттың жұмысы туралы мәлімдеді.
«Әрине, мені облыс орталығының тұрғыны ретінде білім беру проблемалары ғана мазаламайды, мен Көкшетау қаласының экономикалық тұрғыдан дамығанын қалаймын. Сондықтан, денсаулық сақтау саласы да дами түссе деймін. Біз бұл тұрғыда біргеміз. «Nur Otan» партиясы – бұл нақты істердің партиясы және мен оның бағдарламасының барлық тармақтарымен келісемін», – деп толықтырды Н.Стукаленко.
«Раисов» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Айдин Раисов пандемия кезінде өзінің кәсібін қалай тоқтатуға мәжбүр болғанымен бөлісті. Осылайша сол кезде «Nur Otan» партиясы халықтың әлеуметтік осал топтарына қандай көмек көрсеткенін еске түсірді. Ол көп балалы әке болғандықтан, бұл қиыншылық оған жақсы таныс болды. Карантиннің алғашқы толқыны кезінде партия көп балалы отбасыларға 50 мың теңге бөліп, жалғызбасты зейнеткерлерге тегін тамақ үлестіргенін жеткізді.
«Партияның алдына қойылған барлық міндеттер орындалды. Енді біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр, оларды дер кезінде аяқтау керек. Бұл сіз бен біздің қолымызда», – деп атап өтті А.Райсов.
Депутаттыққа кандидаттар жиналғандарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, «Nur Otan» партиясын таңдап, 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне баруға шақырды.
«Nur Otan» партиясының
Ақмола облысы Сайлау қорының
қаражатынан төленді.