Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Рухтандырып, сенім берді - АРҚА АЖАРЫ

Рухтандырып, сенім берді

Тіл – әрбір ұлттың игілігі мен ажырамас бөлігі. Кез-келген халықтың санасы, сауаттылығы, өркениеттілігі, болмысы мен мәдениеттілігі, болашағы тілмен өлшенетіні хақ. Еліміздің егемендік алғанына отыз жыл өткенімен тіл мәселесі әлі де өзекті болып отыр.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында кеңінен тоқталып өтті. Осы мақалада ел Президенті қазақтың түп-тамырына, тарихына және мемлекеттік тілге назар аудару керек екенін дөп басып айтты. Мемлекеттік тілді білетін қазақтың, басқа да ұлттың үлесі артқанын мақтанышпен айтып, тілімізді әрі қарай дамытуға қатысты бірқатар міндеттерді де жүктеді.
Мәселен, тілді меңгеру үшін балалар әдебиетін дамыту керек. Отан тарихы мен тілін дәріптейтін тарихи кинотуындыларды көбірек түсіру қажет. Бар саналы ғұмырын балаларға қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға арнаған ардагер ұстаз ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту үшін отандастарымыздың қазақ тіліне деген құрметін арттыру, санасын өзгерту қажет деп есептеймін. Мәселе қаржыда да, оқулықтарда да емес. Осынау отыз жылда қазақ тілін үйрететін қаншама тегін курстар ашылды. Мемлекеттік қызметшілерге, басқа да сала мамандарына мемлекеттік тіл тегін оқытылды. Алайда, оның нәтижесі қалағанымыздай болмағанын бәріміз де білеміз. Қазақ тілі әлемдегі ең бай тілдердің бірі болғанымен, оны үйрену қиын емес. Ниет болса, Отанымызға деген құрмет болса, аз ғана уақыттың ішінде мемлекеттік тілді меңгеріп шығуға болады.
Маңызды мақалада Президент: «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының міндеті» дей келе, барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарымызға үндеу тастады. Сонымен қатар, ниет пен ынта болса, ағылшын мен басқа тілді аз ғана уақытта меңгергендей, ана тілімізді меңгеруге де болады деді. Қазағымыздың «Ештен кеш жақсы» деген мақаласын ұран ретінде қолданған Қасым-Жомарт Кемелұлы баршамызға осындай ұлағат айтты.
Иә, расымен де, өзге кей ұлттар қазақ тілінде таза сөйлеп, өзіміздің қандас бауырларымыз ана тілінде сөйлемейтіні жаныма батады. Қазіргі уақытта жастар түгілі, ақсақалдардың өздері ана тілдерінде сөйлемейтіні өкінішті-ақ. Мектеп қабырғасында қазақша сөйлеп, сыртта өзге тілде шүлдірлеген балаларды күнде көзіміз көреді. Осыларға қарап, еліміздің болашағына күмәнмен қарағаным да рас. Алайда, Президентіміздің бүгінгі мақаласы менің үміт отымды жаққандай болды. Өзім ардагер ұстаз болғандықтан ғана емес, тіл жанашыры ретінде біздің ана тіліміз қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде мемлекеттік тілге айналсын деген ниетім бар.
Бақыт ӘМІРХАНОВА,
Егіндікөл аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар