Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Егемен елдің ұланы - АРҚА АЖАРЫ

Егемен елдің ұланы

…Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының басында Еркін Дәуешұлын қызмет бабымен Степногорск қаласының іргесіндегі Қарабұлақ елді мекеніне мектеп директоры етіп ауыстырды. Ол кезде сол үйдегі жеңгеміз Хамиланың аяғы ауыр болатын. Жалпы, кімнің болсын, отбасында бірыңғай ұл болса, келесі сәбиі қыз болуын қалайтын, ал, қыз бала болса, ұл болуын тілейтін ұғым қалыптасқандығы ақиқат. Бұған қоса, отағасының ұрпақ жалғастығын да есте ұстайтыны және бар. Ерекең мен жеңгеміз қыздары Гүлнәр, Гүлшәт, Динараларға іні болуын тілеп жүрді.

Кеңшар басшылығы отбасына жаңа салынған үйден пәтер берді, бірақ, орталық жылу жүйесіне қосу әлі толық тиянақталмаған еді. Қыстың алғашқы айының екінші жартысында кеңшардағы дәрігерлер Хамила Құлбекқызын Степногорск қаласы ауруханасының перзентхана бөлімшесіне апарып жатқызды. Сол айдың жаймашуақ күндерінің бірінде үйге жылу да берілді, ауруханадан қуанышты хабар да жетті. Ерекеңнің тәні де, ішкі дүниесі де жылып кетті. Дүние есігін ұл бала ашты.Кеңшар басшылығы отбасына жаңа салынған үйден пәтер берді, бірақ, орталық жылу жүйесіне қосу әлі толық тиянақталмаған еді. Қыстың алғашқы айының екінші жартысында кеңшардағы дәрігерлер Хамила Құлбекқызын Степногорск қаласы ауруханасының перзентхана бөлімшесіне апарып жатқызды. Сол айдың жаймашуақ күндерінің бірінде үйге жылу да берілді, ауруханадан қуанышты хабар да жетті. Ерекеңнің тәні де, ішкі дүниесі де жылып кетті. Дүние есігін ұл бала ашты.Шілдехана кешінде жиналған Ерекеңнің әріптестері, жолдастары сәби атақты Паң Нұрмағамбеттің елінде туғандықтан, нәрестеге сол кісінің есімін беруді ұсынды. Бірақ, отағасы балалармен ақылдаса отырып, есімін Марат деп атауды ұйғарды. Осылай ата-ана арманы орындалып, қазақтың бір ұлы өсіп, жетіле бастады. Әдетте, басқа отбасындағыдай, жалғыз ұл ерекше қамқорлықта болды, әсіресе, бұған анасы айрықша көңіл бөліп жүрді. Үлкен балаларына «Маратты ренжітпеңдер» деп айтып қоятын. Еркелігі сондай, үйдің сыртында шоқ қарағай болыпты, бала бақшаға бара жатқанда ағаштың басына өрмелеп шығып кетіп, анасын, әпкелерін біраз әурелейтін де әдеті болды. Бірде бала бақшада аулаға ойнауға шыққанда бір-екі достарын ертіп алып, бес-алты шақырым жердегі Степногорск қаласына жол тартады. Тәрбиешілері қатты сасады, бірақ, ата-анасына хабарламайды. Әлгі «сарбаздар» қаланың дүкенінен қалталарындағы тиын-тебендеріне тәттілер алып жеп, жұмыс аяғына дейін бала бақшаға қайтып келеді… Ал, керек болса…Ата-бабамызда «Алла бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер» деген сөз бар. Марат саналы ерке болып ер жетті. Мектепте жоғары сыныпта оқып жүргенінде ата-аналарына сездірмей, қырманда түнгі ауысымда жұмыс істеп, табыс тауып, оны үйге әкеліп беріп жүріпті. Сілеті орта мектебінде оқып жүргенде анасы Хамила Құлбекқызы сынып жетекшісі болады. Анасына жолдастарын ұйымдастырып, сыныптастарының оқуда алда болуына қолғабысын тигізіп жүріпті. Ақкөл қаласының №1 орта мектебін үздік бітіреді. Алтын ұя – білім ордасымен қоштасатын сәт те жетті. Жоғары оқу орнының таңдауы  Қазан қаласынан бұйырды. Осындағы техникалық университетті де ойдағыдай аяқтап, Ақмола қаласына оралады. Сол кезде компьютерлік техниканың жаңадан қолданысқа енгізіле бастаған кезі. Оның қыр-сырын білетіндер аз болатын. Марат өзімен компьютерлер ала келіп,  үйінде қала қызметкерлерін оқыта бастайды. Осы кезде оны Ақмола облысының бір салалық басқармасы жұмысқа шақырады. Онда біраз еңбек етіп тәжірибе жинақтағаннан кейін Президенттің Іс Басқармасына ауысады. Бұл қызметте жүргенде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет агенттігіне конкурс жария-ланып, сонда жеңіп шығып, осы агенттіктің қызметкері болып шыға келеді. Міне, ол осы кезеңнен бастап мемлекеттік қызмет саласында қызмет етіп келеді. Одан кейін Президент Әкімшілігіне де конкурспен өтеді. Осы мекемеде жиырма жылдан астам қызмет атқарып, бөлім меңгерушісі дәрежесіне дейін көтеріледі. Өткен жылы Мемлекеттік қызмет Агенттігі құрылғанда тәжірибелі маман ретінде басшының бірінші орынбасары лауазымына жоғарылатылды. Ғұмырының жартысынан астамын мемлекеттік қызмет саласына арнаған бауырымыздың еңбегі үкімет тарапынан лайықты бағаланды. Ол «Парасат», «Құрмет» ордендері мен бірнеше мерекелік медальдардың иегері.Осындай жоғары дәрежелі қызметте жүрсе де, өмірде қарапайым, үлкенге іні, кішіге аға болып, қолынан келгенінше көмектесуге тырысады. Сыныптас достарымен осы күнге дейін байланысып тұрады. Зейнет жасындағы ата-анасының қамқоршысы. АҚШ, Израиль, Германия, Оңтүстік Корея сияқты медицинасы дамыған елдерге барғанда ең қажет деген  дәрілерді, дәрумендерді әкеліп беріп, әке-шешесінің көңіл-күйлерін көтеріп отыруды әдетке айналдырған.Бауырымыз өнегелі отбасы. Келініміз Альбина екеуі алты баланы өсіріп, тәрбиелеуде. Үлкендері Хадиша Мәскеуде оқыса, Рабиға Қазақстан-Түрік лицейінің соңғы сыныбында алдыңғы қатарлы оқушы, Ибраһим математикалық мектепке оқуға түсті, Фатима мен Әлихан гимназияның баста-уыш сынып оқушылары, кенжелері Хайдар биыл көктемде дүние есігін ашты.Атамыз қазақ «Әке көрген оқ жонар» деген ұлағатты сөз бар. Әңгімемізге арқау болып отырған Мараттың ата-анасы Еркін Дәуешұлы мен Хамила Құлбекқызын көптен бері білеміз. Ерлі-зайыпты екеуі бүкіл саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған ұстаздар. Бүгінде зейнет жасында. Ерекеңді тіпті «Ұстаздардың ұстазы» деп атауымызға да болады. Ұзақ жылдар Ақкөл аудандық оқу бөліміне басшылық жасады. «Құрмет» орденінің, басқа да мемлекеттік марапаттардың иесі. Бұл жерде айтайын дегеніміз, Ерекеңнің шәкірттеріне, өз балаларына берген білім-тәрбиелерінің қайтарымының жоғары болуы. Шәкірттерінің арасында халық қалаулылары, мемлекет қайраткерлері, лауазымды әскери қызметкерлер бар. Ұстаз ағамыздың бұл орайда мерейі үстем. Өзге балалары сияқты, Марат та әке сенімін ақтап, ел алдында абыройлы еңбек етуде. Отбасының сүйеніші, тірегі дер едік. Ата-анаға бұдан артық сый бар ма?Ал, Марат бауырымыздың өз ұстанымы, қағидасы бар. Еліміздің тәуелсіздік күндерімен орайлас келіп отырған ердің жасы – елуіндегі ой-тұжырымдары жайлы сөз суыртпақтасақ өзі айтады: «Бізге әрине, нарық та керек, демократия да керек, бірақ, Тәуелсіздік бәрінен де керегірек. Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті. Жақсы болудың жақсылық жасаудан басқа жолы жоқ». Бұған өз тарапымыздан қоса айтарымыз, Марат бауырымыз ынтымағы жарасқан, бақ қонып, құт тараған, үлкен бір ордалы әулеттің мақтан тұтар азаматы. Болат КӨБЕТЕЙ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар