Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және алтын валюта резервтері.Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және алтын валюта резервтері.Ақмола облысының Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2020 жылғы қарашада облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2019 жылғы желтоқсан айына қарағанда 106,3%, 2019 жылдың осы кезеңінде – 104,1%, республикалық мағынада сәйкесінше – 106,5 және 104,1% құрады. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 3,0%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 4,9%-ға, азық-түлік тауарлары – 9,6%-ға қымбаттады.2020 жылғы 21 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін, базалық мөлшерлеме жылғы 9,0% құрайды.Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 0,7%-ға өсті, 90,5 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 32,5 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 58,0 миллиард АҚШ долларын құрады.Облыстағы қаржы нарығының жағдайы.2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттарымен екінші деңгейдегі банктердің 15 филиалы және «Қазпочта» АҚ Астана филиалы «Астана почтамты» Көкшетау ҚПБТ бар. Валюта нарығы. 2020 жылдың қараша айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 428,84 теңгені, еуроға – 506,83 теңгені, ресей рубліне – 5,57 теңгені құрады. 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Ақмола облысының аумағында 75 айырбастау пункті, оның ішінде: 58 – банк филиалдарының, 14 уәкілетті ұйымның 17 айырбастау пункті жұмыс істейді. 2020 жылғы қараша айында облыстағы айырбастау пункттері 10,7 миллион АҚШ долларын, 1,4 миллион еуро және 563,9 миллион ресей рублін сатты. 2019 жылғы қараша айында – 13,4 миллион АҚШ доллары, 1,6 миллион еуро және 834,6 миллион ресей рублі сатылды. Депозит нарығы. 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банктердегі депозиттерінің жалпы көлемі 190,4 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2019 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,4 %-ға өсті, өткен аймен салыстырғанда 4,1 %-ға азайды.Депозиттердің жалпы сомасындағы теңгемен салынған депозиттердің үлесі 78,2 % құрайды.Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 8,28%, шетел валютасы бойынша – 0,96 % болып қалыптасты. Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 258,9 мың теңгені құрады. Кредит нарығы. 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 239,5 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 16,9 %-ға, өткен аймен салыстырғанда 0,6 %-ға өсті (2020 жылғы 1 қарашаға – 238,2 миллиард теңге).2020 жылғы қараша айында облыс банктерімен сомасы 17,9 миллиард теңгеге кредит берілді, бұл көрсеткіш 2020 жылғы қазан айынан 0,6 %-ға артық.2020 жылғы қараша айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 14,4 %-ды құрады.2020 жылғы қарашада теңгемен кредиттердің үлес салмағы 98,2 % құрады.Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 88,0 миллиард теңгені құрады. 2020 жылғы қараша айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің көлемі 2020 жылғы қазан айымен салыстырғанда 4,3 % өсіп, 7 268,7 миллион теңгені құрады. Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 52,9 млрд. теңгені құрады. 2020 жылғы қараша айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 2 377,1 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы қазан айымен салыстырғанда 9,3 % немесе 242,2 миллион теңгеге өсті. Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2020 жылғы 1 желтоқсанға 41,6 миллиард теңгені құрады. 2020 жылғы қараша айында сомасы 1 779,0 миллиард теңге кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы қазан айымен салыстырғанда 46,9 %-ға азайды (2020 жылғы қазанда – 3 348,2 миллиард теңге берілді). Орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 15,2 % құрады. Төлем карточкалар нарығы. 2020 жылғы 1 желтоқсан үшін айналымдағы төлем карталарының саны жалпы облыс бойынша 1 158,0 мың бірлікті құрайды (алдыңғы аймен салыстырғанда 4,5 % -ға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,5 % құрайды.Ақмола облысы бойынша бұл карточкалар иелерінің саны — 974,0 мың адамды құрады, өткен аймен салыстырғанда 2,6 % өсті. 2020 жылғы қараша айында төлем карточкалары пайдаланылған транзакциялар көлемі 87 970,9 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 3,8 %-ға азайды). Транзакциялар саны 5 263,1 мың транзакцияны құрап, 3,0 %-ға азайды. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 1,7 % азайып, 4 550,8 мың транзакцияны құрады, сомасы 1,6 % өсті (мөлшері 50 821,2 млн. теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 10,5 %-ға дейін азайды (транзакциялар саны 712,3 транзакцияны құрады), сомасы 10,4 %-ға азайды (мөлшері 37 149,7 мың теңгені құрады). 2020 жылғы 1 қазанға төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы аймақ бойынша мына түрде ұсынылған: 5 075 POS-терминал, 390 банкомат, 2 942 кәсіпкерлер; 4 244 сауда нүктелері.
Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.