Коронавирус жұқпасынан қалай сақтануға болады?..

Коронавирус жұқпасы – құрамында РНҚ коронавирустары бар, аэрогенді механизм негізінде жан-жағына тарайтын және өте ауыр өтетін жұқпалы патология. Коронавирус жұқпасы көбіне жоғары тыныс алу, әсіресе, ішек-асқазан жолдарын зақымдайды.

Клиникалық түрде инфекция салдарынан адамның ыстығы көтеріліп, уланудың белгілері байқалады. Патологиялық бұл процестің диагностикасында қарастырылғандай, анықталған вирустар мен антиденелер қан құрамын өзгерістерге әкеледі.  Клиникалық белгілеріне – ыстығы көтерілу, құрғақ жөтел, демігу, респираторлық синдром, әлсіздік, буындардың ауруы жатады. Бұл аурудан этиотропты вирусқа қарсы препараттармен, симптомды терапия құралдарымен емделеді.

Әрбір адам қадағалауы тиіс індеттің алдын алудың негізгі шаралары:

* Бетіңізді қолыңызбен ұстамаңыз. Індет жұқтырғандардың жартысына жуығы вирустың шырышты қабатқа өтуі нәтижесінде, яғни, көз, ауыз, мұрын қуыстарын ұстау негізінде жұқтырады.

* Қолыңызды жиі жуыңыз. Қолды жиі-жиі жуу қажет және кем дегенде 40-60 секунд көлемінде жуып тұру керек. Егер сіз қолыңызды қоғамдық орындардың бірінде жуатын болсаңыз, онда қол жуып болған соң су ағатын кранды қол сүрткен бір реттік орамалмен жабыңыз. Қол жуғанда сұйық сабынды қолданған абзал, себебі қатты сабындарда микроорганизмдер қалып қоюы мүмкін.

*Антисептикалық құралдарын қолданыңыздар. Қолды зарарсыздандыру уақыты 20-30 секунд.

*Жөтелгенде не түшкіргенде салфетка пайдаланыңыз, егер қолыңызда болмай қалса, алақаныңыздың сыртымен жабыңыз. Салфетка қолданған болсаңыз, оны бірден қоқыс салғыш ыдысқа лақтырып жіберіңіз. Көптеген адамдар жөтелгенде және түшкіргенде ауыздарын алақандарымен жабады, бұл дұрыс емес және аса қауіпті. Мұндайда вирус қолыңызбен ұстайтын заттарға түсіп кетуі  мүмкін.

*Маска тағу. Маска бетіңізге тығыз киіліп, ашық жер қалмау керек. Масканы әр 2-3 сағат сайын ауыстырып отырыңыз. Бір қолданған масканы қайта қолдануға болмайды.

*Адамдар көп шоғырланған жерде ешкімге жақындамаңыз,  басқа адамдармен  кем дегенде 1 метр қашықтық сақтаңыз. Қол беріп, немесе құшақтасып амандасудан  бас тартыңыз.

*Мекеменің ішін тазалап, ауасын желдетіп отыру қажет. Таза ауа вирустық жүктемені азайтады.

Егер сіздің бойыңызда коронавирустың алғашқы белгілері байқалатын болса, үйде оқшауланыңыз және жаныңызға ешкімді жолатпаңыз. Бірден емханаға хабарласып, телефон арқылы медициналық қызметкермен кеңесіңіз.

Жақыныңызға және өзіңізге жанашыр болыңыз!

Ы.ТӨЛЕГЕНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар