Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Екі батыр кездескенде - АРҚА АЖАРЫ

Екі батыр кездескенде

Жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, Қазақстан тарихындағы аты аңызға айналған тұлғалардың өмірде қандай болғанын көпшілік білгісі келеді. Әрине, олардың өзара тікелей диалогы ерекше қызығушылық тудырады. Осылайша ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының естеліктерінен 1955-1960 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы болған Жұмабек Тәшеневпен кездесуі туралы оқуға мүмкіндігіміз бар.

Алаш арыстары!
Бұл жайында батыр бабамыз былай деп жазады:
«Телефон сыңғыр ете қалды. Мен алдым.
– Тәшенeв жолдас, сізді сағат 12-де қабылдамақ.
Жоғарғы Советтің Президиумының председателі Ж.Тәшеневті естігенім болмаса, көрген кісім емес.
Верховный Советке бардым. Тап мені күтіп отырғандай-ақ, помощнигі алдымнан шығып, ізетпен кезексіз мені тіптен-тіке председательге ендірді.
Кең кабинеттің төрінен орта бойлы, тығыншық сары жігіт орнынан тұрып, жеңіл қадаммен алдымнан шықты.
Амандастық. «Тақтың» алдындағы столға қарама-қарсы отырдық.
– Бауке, халіңіз қалай?.. – деген сұрақтардан сөзін бастады председатель. Мен жауап қаттым.
– Денсаулық қалай?
– Онша мақтанарлық емес… – деп бастай бергенімде ол столдағы бір түймені басты. Помощнигі жетіп келді.
– Немедленно позвоните Ерастову. Чтоб он прикрепил полковника к больнице Совета Министров…
– На Ерастова не жалуюсь…
– Если нужно, пусть его положат в больницу в Правительственную палату. Идите.
Помощнигі кетті. Мен не айтарымды білместен, сасқалақтап:
– Благодарю Вас, – деппін.
– Сіз арақ ішесіз бе?
– Ішемін.
– Сізге пиво да ішуге болмайды. Темекі тартасыз ба?
– Тартамын.
– Көп тартасыз ба?
– Көп тартамын.
– Оныңызды қойыңыз. Сіз бізге өте керек адамсыз. Не істеп жүрсіз?
– Жазып жүрмін.
– Не жазып жүрсіз?
– Көрген-білгендер мен өткен-кеткендер. Менің темаларым…
– Ол өте дұрыс екен. Ол да бізге өте керек, – деп бастырмалатып сөзімді аяқтатпады. «Е, бұл кісі асығып отыр екен ғой» деген оймен тілімді тарттым.
Председатель маған Рақымжан Қошқарбаевтың арызын көрсетті.
– Мен Сізбен осы жағынан ақылдасайын деп шақырып едім, – деді мен оқып шыққан соң.
– Его личное заявление не служит основанием…
– Қазақшалап сөйлеңіз.
– Архивтан дәлелдейтұғын материалдар керек. Оларсыз киліксеңіз, ұялып қалуыңыз мүмкін.
– Бұныңыз өте дұрыс ақыл. Оны қалай табамыз?
– Іздеу керек.
– Сіз іздесеңіз қайтер еді?
– Іздейін.
– Қаражатты мен бергізейін.
– Жоқ. Мен қаражат алмаймын.
– Бұныңыз не?
– Таба алмасам ше?..
– Жоқ. Сіз табасыз. Сіз таппағанда кім таппақ оны?
– Мен іздестірейін. Тапсам дұрыс, таппасам – ешқандай міндеттемені мойныма алғым келмейді…
– Келістік. Сіз іздестіресіз, Сіз табасыз.
– Жарайды. Бірақ та мен ақшадан аулақпын.
– Жарайды. Ал, енді Сіз туралы да көп хаттар бар. Сізді неге Герой Советского Союза емес?» деп жазады менің атыма…
– Это компентенция правительства.
– Мен Үкімет бастығымын…
– Вы всего лишь Председатель Президиума Верховного Совета Республики…
– Я заместитель Ворошилова…
– Оны мен білемін.
– Сіз менің атыма арыз, өмірбаяныңызды толық етіп жазыңыз. Барлық көрсеткен ерліктеріңізді жазыңыз. Мен ол мәселені Ворошиловтың алдында көтеремін…
– Жоқ. Мен еш нәрсе жазбаймын. Мен туралы жазылғандар аз емес.
– Онда соларды қарастыралық. Оларды қайдан табуға болады?
– Мен ол жағын білмеймін.
Тағы біраз сөйлестік» (Б. Момышұлы «Айтылмаған ақиқат» көп томдық шығармалар жинағы 10 том (2-кітап) Алматы: «Өнер» бас-
пасы, 2010 ж., 98-101 беттер. Жинақты шығарғандардың ескертуі: Бауыржан Момышұлы – тайға таңба басқандай өзіндік қайталанбас жазу стилі қалыптасқан бірегей әскери жазушы. 30 томдық шығармалар жинағын құрастыру үстінде қаламгердің өзіндік осы жазу болмысының негізінен, табиғи қалпын бұзбауды мақсат еттік).
Кейін аталған екі тарихи тұлғаларымыз жақсы дос болып, Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі Түркістан облысы) шипажайында демалыста бірнеше рет кездесіп, тілдескен екен.
Қазақ Халқы үшін, Отан үшін қайталанбас ұлы ерліктер жасаған қос батырымыз өмірде туған ағайындай болғаны (олардың жас айырмашылығы төрт жыл ғана) кездейсоқ емес шығар!
Естілікте көрсетілген Жұмабек Тәшеневтің арманы қырық жылдан кейін ғана орындалды. Алайда, халықтың өзі «Батырларым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлдарына ақиқат бойынша жасаған ерліктеріне лайықты атақтар Отан соғысы біткен соң жарты ғасырдай уақыт өткеннен кейін ғана берілгені көпшілікке мәлім.
Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, атақты әскери қолбасшы, стратег және тактик, полковник Бауыржан Момышұлы 1990 жылы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1995 жылғы Жарлығымен Бауыржан Момышұлына «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Берлиндегі Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс Туын тіккен қазақ азаматы, лейтенант Рақымжан Қошқарбаевқа да «Халық Қаһарманы» атағы 1999 жылғы 7 мамыр күні Президент Жарлығымен берілді.
Осыған орай айтайын дегенім, 1960 жылдың соңында Қазақстанның солтүстіктегі бес облысын (сол кездегі Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыс-
тары, оларға қоса қазіргі астанамызды) дербес ерлігімен, Никита Хрущевтің демагогикалық саясатына қарсы тұрып, еліміздің картасында сақтап қалған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Жұмабек Тәшеневке әлі күнге дейін жоғары атақ бұйырмай, туған жерінде биік ескерткіш орнатылмай келеді…
Ерекболат Қабылда,
тәшеневтанушы.
Нұр-Сұлтан қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар