Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2021-2023 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың кешенді жоспары туралы - АРҚА АЖАРЫ

2021-2023 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың кешенді жоспары туралы

3 ақпанда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бастамашылық еткен стратегиялық сессияларды өткізу аясында Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов онлайн-форматта Ақмола облысының Дін істері басқармасы және «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ басшылығымен кездесу өткізді, онда дін саласындағы 2020 жылғы жұмыстың негізгі нәтижелерін тыңдап, 2021 жылға арналған негізгі міндеттерді атап өтті. Сондай-ақ кездесуге комитет қызметкерлері мен Ақмола облысының теологтары, психологтары, дінтанушылары қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарының негізгі бағыттары талқыланды.

2017 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мерзімі 2020 жылы аяқталды.

Министрліктің мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы бағдарламалық құжатты іске асыру жөніндегі үйлесімді жұмысының нәтижесінде дін саласын реттеу мәселелерінде оң нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда,

Бірінші. Конфессияаралық негізде қақтығыстар жоқ. Бұған діни бірлестіктермен тығыз ынтымақтастық орнату және оларды саладағы проблемаларды жедел шешуге тарту арқылы қол жеткізілді.

Екінші. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелерінде мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелердің өзара іс-қимылының бірыңғай жүйесі құрылып, жұмыс істеуде.

Үшінші. Қоғамда діни радикализм идеологиясының таралуына жол бермеу бойынша мемлекеттік органдармен бірлескен тетіктер әзірленді және іске асырылуда.

Осыған қарамастан, министрлік осы бағыттағы жүйелі жұмысты жалғастыру қажет деп санайды.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың 2021-2023 жылдарға арналған Кешенді жоспарында 26 тармақты қамтитын 4 бөлім көзделген.

«Мемлекеттік құрылыстың зайырлылық қағидаттарын нығайту» бөлімі қоғамда мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған шараларды іске асыруды қамтиды.

«Азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын іске асыруды және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету» 2-бөлімінің негізгі іс-шаралары азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз етуге және мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың қазақстандық моделін одан әрі қалыптастыруға шоғырландырылатын болады.

«Қазақстандық қоғамда конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету» 3-бөлімінде қоғамда Қазақстан халқының ұлттық дәстүрлеріне негізделген рухани-адамгершілік құндылықтарды танымал етуге және ілгерілетуге, конфессияаралық және өркениетаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелерінде Қазақстанның халықаралық беделін арттыруға бағытталған іс-шаралар көзделген.

«Дін саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» деген 4-бөлімде қоғамда діни экстремизм мен радикализм идеологиясын қабылдамауға және қарсы насихаттауға бағытталған әлеуметтік, ақпараттық және ғылыми-білім беру жобаларын іске асыру жоспарланған.

Сонымен қатар, спикерлер елімізде конфессияаралық келісімді қолдаудағы зайырлылық қағидаттарының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, дін саласындағы жергілікті атқарушы органдар мен мекемелердің қызметіндегі мемлекеттің зайырлы саясатын іске асырудағы негізгі проблемалық мәселелер қозғалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар