Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Вакцина алғаныма бір апта болды, көңіл-күйім жақсы» - АРҚА АЖАРЫ

«Вакцина алғаныма бір апта болды, көңіл-күйім жақсы»

Вакцина алған бір аптаның ішінде көңіл-күйіме кері әсерін тигізетін жағдай болған жоқ. Бұл туралы Көкшетау қаласындағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының аумақтық бөлім меңгерушісі Мақпал Айтбаева айтты.

Дәрігердің айтуынша, өзі жұмыс істейтін емханада вакциналау науқаны ақпанның 2-де басталды. Оның ішінде алғашқы лекте 2 медбике мен 3 дәрігер, барлығы 5 адам екпе алды. Барлығында асқыну мен ауытқу белгілері байқалған жоқ. Келесі қатарда тағы 6 қызметкер мен 4 оқытушыға вакцина салынды. Бұдан бөлек, тағы 15 қызметкерге вакцина салу жоспарланып отыр. «Вакцина салғызған адамның артериалды қысымы, басқа да өзгерістері жарты сағат бойы бақылауда болады.

Сонымен бірге, үш күн бойы ауыр жұмыс істемеуі, алкогольдік ішімдік ішпеуі және вакицина салған жерге су тигізбеуі тиіс. Өзім вакцина алғаннан бері бір апта бойы дәрігердің бақылауында болдым. Осы уақытта көңіл-күйім жақсы», – деді Мақпал Айтбаева. Сонымен қатар, ол вакцинадан қорқудың қажеті жоқ екенін, бұл екпе қазіргі эпидемиологиялық жағдайды назарға ала отырып, адамдардың коронавируспен ауруы мен одан болатын өлім-жітім санын азайтуға бағытталғанын атап өтті. «Біздің қазір алып отырған вакцинамыз «Гам-КОВИД-вак» (Спутник V) екі компоненттен тұрады. Ақпанның 2-сінде біз бірінші компонентін алсақ, енді 21 күннен кейін екінші компонентін аламыз. Сонда біз вакциналаудың толық сатысынан өтеміз. Вакцина адамдардың коронавируске шалдығуының алдына алуға және одан болатын өлім санын азайтуға бағытталып отыр», – деп толықтырды Мақпал Айтбаева. Осы ретте, ол вакцина алуға келісім берген адамдар туралы мәліметтер арнайы базаға енгізілетінін жеткізді. «Базада ол адамның артериалдық қан қысымы, жүрек қағысы, дене қызуы, өзге де қосымша аурулары бар-жоғы туралы толық медициналық мәліметтері болады. Оны жоғары жақтағы басшылар кез келген уақытта қарап, бақылай алады», – деп түйіндеді ол. Айта кетейік, Ақмола облысында вакцина салу жұмысы 24 егу пунктінде жүргізілуде. Кейін қалған партия түскен кезде жаңа егу кабинеттері мен көшпелі бригадаларды іске қосу жоспарлануда. 1104 медицина қызметкері жұмысқа тартылып, дайындалды. Қазіргі кезде облыс бойынша 500-ден астам ақмолалық коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алған.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар