Қытайда 10 ақпанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 40,52 миллион дозасы егілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.
ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің ресми өкілі Ми Фэннің айтуынша, Қытайда үш күн бойы қатарынан коронавирусқа шалдығудың жаңа оқиғалары анықталған жоқ. Алайда ол Қытайдағы Жаңа жыл мерекесі кезеңінде ел ішінде адамдардың жүріп-тұруы мен көптеп жиналуына байланысты эпидемияның таралу қаупі өсіп жатқанын ескертіп, осыған байланысты «қырағы болуға» шақырды. Еске сала кетсек, Қытайда жаңа жыл 12 ақпан, жұма күні басталады.