КВИ-мен ауырған адамдарда постковидтік синдром сақталады

COVID-19 ауырғандардың 20 пайызы аурудың белгілері ұзақ уақыт сақталады. Нақты деректер жоқ, бірақ, тәжірибеге сүйене отырып, үш айдан артық уақытқа дейін болуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ішкі аурулар кафедрасының профессоры, м. ғ. д. Сәуле Қасенова мәлімдеді. Сәуле Қасенованың айтуынша, барлығы инфекция ағымының ауырлығына байланысты.

«Нақты мәліметтер жоқ, бірақ, COVID-19-дан кейінгі әртүрлі белгілер үш айдан артық уақытқа сақталады, жағдайы ауыр болған науқастарда екі жылға дейін болуы мүмкін. Коронавирустың жиі кездесетін асқынулары мен белгілерінің бірі – тұрақты жөтел, пациенттер ұзақ, құрғақ жөтел болады дейді. Тағы бір белгі – ентігу, әлсіздік, тіпті, адам бұрын оңай және тез жасай алған қарапайым іс-әрекеттерді орындай алмайды, біреулерде КВИ-дің бас ауруы, бас айналуы сияқты белгілері болады, басқаларының жүрегінде немесе кеудесінде ауырсыну пайда болады. Кейбір адамдардың ұйқысы бұзылады, немесе қандай да бір түстер көреді, есте сақтау қабілеті төмендейді. Өкінішке орай, коронавирустан кейін осындай құбылыстар болады, олар туралы білуіңіз керек. Инфекциядан кейін оңалту мен қалпына келтірудің әртүрлі жолдары бар. Инфекцияның тарағанына бір жылдан асты және біз тәжірибе жинап жатырмыз. Постковидтік асқынулардың бұл белгілерін емдеуге болады. Ол үшін әрекет ету керек», – деп сендірді дәрігер.

ДДСҰ ұсыныстарына сүйене отырып, Сәуле Қасенова КВИ жұқтырғандардың барлығына өздерін емдеуші дәрігерлерімен үнемі байланыста болуға кеңес берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар