Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алдағы егіске жоспарлы дайындық жүргізілуде - АРҚА АЖАРЫ

Алдағы егіске жоспарлы дайындық жүргізілуде

Ақмола облысы бойынша биыл егіс алқабының алдын ала құрылымы бойынша 4,9 миллион гектар алқапта егіс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде 4,5 миллион гектар жерге дәнді және бұршақты дақылдар себіледі. Облыста қазірдің өзінде көктемгі дала жұмыстарына қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ, 202,3 мың гектар алқапқа майлы дақылдар, 194,8 мың гектар жерге жүгері тәрізді азықтық дақылдар егіледі. Тұрғындарды қоса есептегенде 15,6 мың гектар алқапқа картоп, 3,4 мың гектар жерге көкөніс отырғызылады. Көктемгі егіс жұмысын жүргізуге дайындық өткен жылы басталған болатын. Бүгінгі күні 2021 жылғы егіс алқабының нақты құрылымын құру жұмысы жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Өңірде көктемгі егіс жұмысын ойдағыдай өткізу үшін қар тоқтату және тұқым да-йындау бойынша бірқатар кешенді шаралар жүргізілуде. Атап айтқанда, бүгінгі күні 679 мың гектар алқапқа қар тоқтатылды. Сөйтіп, алғашқы ізбен қар тоқтату жоспары 100,3 пайызға орындалды. Бүгінгі күні екінші ізбен қар тоқтату жұмысы 71,3 мың гектар жерде жүргізілді. Бұл межеленген жоспардың 10,5 пайызын құрайды. Қар тоқтату жұмысы одан әрі жалғасуда. 2021 жылдың астығына 529,8 мың тонна тұқым құйылған болатын. Бұл тұқым қажеттілігін 100,1 пайыз жабады.
Бүгінгі күні рұқсат етілген зертханаларға 298,7 мың тонна көлемінде тұқым әкелінді. Бұл барлық тұқымның 56,4 пайызы. Оның 154,1 мың тоннасы немесе 51,6 пайызы тексерілді. 144 мың тонна тұқым немесе 93,5 пайызы 1 және 2 класқа жатады. Тұқымды тексеру жұмысы жалғасуда. Биылғы жылдың егіс науқанында 14,5 мың трактор, 16,2 мың сеялка және 1,3 мың өнімділігі жоғары егіс кешені пайдаланылады. Егіс кешенімен облыстағы егіс алқабының 70 пайы-
зы себіледі. Техникалардың дайындығы 96 пайызды құрайды. Техника паркін ұлғайтуда инвестициялық субсидиялау және техника лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау тәрізді мемлекеттік қолдау шаралары үлкен рөл атқарды. Тек 2020 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 47 миллиард теңгенің 2,3 мың ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Биылғы жылы көктемгі егіс жұмысын жүргізу үшін облыс ауыл еңбеккерлеріне 74 мың тонна дизель отыны, 7,8 мың тонна бензин, 4,8 мың тонна дизель майы қажет.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі егіс науқанын өткізу үшін 70 мың тонна кепілдендірілген дизель отынын бөлді. Оның ішінде Павлодар мұнай зауытының 30 мың тонна, Шымкент зауытының 40 мың тонна дизель отыны бар. Бүгінгі таңда облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне дизель отынын тасымалдау және есеп айырысудың орталықтандырылған келісім-шартына отыру үшін аудан әкімдіктері операторларды анықтау жұмысын жүргізуде.

Димаш ТАЛАСБАЕВ,
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар