Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Борышкерлердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу - АРҚА АЖАРЫ

Борышкерлердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу

Қазір еліміздің көптеген азаматтары әртүрлі себептермен шетелге шығып тұрады. Алайда, кейбір азаматтар үшін бұл сапарлар әуежайдан шықпай жатып аяқталады, оның себебі – елден шығуға шектеулердің болуы.

Мұндай проблемаға тап болмас үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өздерін «Борышкерлердің және шығуы уақытша шектелген борышкер болып табылатын жеке тұлғалардың, заңды тұлғаның лауазымды тұлғаларының бірыңғай тізілімі» ақпараттық порталдан өздерінің тегі, аты, әкесінің аты немесе ЖСН енгізіп, «Іздеу» батырмасын басу арқылы тексере алады. Егер қарыз болмаса және іздеу дұрыс жүргізілсе: «Сұрату бойынша табылған жоқ» деген жауап шығады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша салынған шектеу туралы мәліметтерді
post.kz порталынан немесе «Қазпошта» терминалдарынан да тексеруге болады.
Борышкерлердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңымен реттеледі.
Атап айтқанда, Заңның 33-бабына сәйкес, сот орындаушысы:
1) атқарушылық құжаттың мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы талаптары үш айдан астам;
2) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық еселенген айлық есептік көрсеткішке тең не одан асатын сомаға атқарушылық құжаттың талаптары орындалмаған жағдайда борышкер болып табылатын жеке тұлғаға, заңды тұлғаға Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығарылады.
Аталған шектеу борышкер уақытша шектеуді қолдану туралы тиісті түрде хабарланған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін қойылады.
Борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы соттың санкциялауына жатады.
Сот орындаушысының Қазақстан Респуб-
ликасынан шығуды уақытша шектеу туралы қаулылары атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне орындау үшін жіберіледі.
Сонымен бірге, борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу Қазақстан Респуб-ликасынан тыс жерлерде емдеу жүргізу қажет болған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін. Бұл жағдайда, борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеуді тоқтата тұру мерзімі көрсетілген тоқтата тұру туралы сот орындаушысының қаулысын сот санкциялауға тиіс.
Борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеуді алып тастау мынадай жағдайда болады:
1) осы Заңның 47-бабында көзделген негіздер бо-йынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған;
2) мерзімдік өндіріп алулар туралы атқарушылық іс жүргізулер бойынша берешек болмаған;
3) атқарушылық құжат соттың немесе құжатты берген басқа органның талап етуі бойынша орындалмай қайтарылған;
4) мемлекет пайдасына өндіріп алуларды қоспағанда, өндіріп алушы өтініш берген;
5) басшы заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын жағдайларды қоспағанда, борышкер болып табылатын заңды тұлғаның басшысы ауысқан;
6) сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулысының күші жойылған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Осыған байланысты қиындықтардың алдын алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары шетелге сапарға шығу алдында сот орындаушыларының орындауында атқарушылық құжаттардың болмауына сенімді болуы керек.

Жанар Мұратова,
Ақмола облысы әділет департаменті
атқару өндірісін қамтамасыз ету бөлімінің
бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар