Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бельгияда коронавирустың «үшінші» толқыны туралы айта бастады - АРҚА АЖАРЫ

Бельгияда коронавирустың «үшінші» толқыны туралы айта бастады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгияның «Sciensano» қоғамдық денсаулық сақтау институтының мәліметінше, елде COVID-19 вирусын жұқтыру және ауруханаға жатқызу оқиғаларының саны күрт өсіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

17-23 ақпан күндері аралығында коронавирусқа шалдығудың орташа есеппен алғанда 2 372,9 жаңа оқиғасы тіркелді, бұл бір апта бұрын уақыттағы санаудан 25 пайыз көп.

Бельгияда пандемия басталғалы COVID-19 вирусын 766 654 адам жұқтырған. Соңғы екі аптада 100 мың адамға шаққанда 259,7 мың оқиға анықталды.

20-26 ақпан аралығында ауруханаға орташа есеппен алғанда 137,9 пациент келіп түсті, бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштен, 16 пайыз көп.

Бельгия ауруханаларында жалпы алғанда коронавирусқа шалдыққан 1838 пациент ем алып жатыр, бұл алдындағы көрсеткіштен 77 оқиғаға жоғары. Бұл ретте 400 пациент жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазіргі кезде Бельгияда 461 060 адамға (18 және одан ересек жастағы тұрғындардың 5 пайызы) вакцина егілді, соның ішінде 296 169 тұрғын вакцинаның екі дозасын алып үлгерді.

Инфекцияның таралу коэффициенті 1,12-ні құраған. Бұл коронавирусқа шалдыққан бір адамның орташа есеппен алғанда бір адамға вирус жұқтыратынын және пандемияның қайта өршіп жатқанын білдіртіп отыр. Бельгия сарапшылары аталған статистикада пандемияның «үшінш толқынын» көріп отыр.

https://www.inform.kz/kz/bel-giyada-koronavirustyn-ushinshi-tolkyny-turaly-ayta-bastady_a3758687

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар