Полиция қызметкерлері екпе ала бастады

Ақмола облысында COVID-19-ға қарсы егу науқаны жалғасуда. Осыған орай, ішкі істер органдарының қызметкерлері де вакцина ала бастады.

Облыстық полиция департаменті госпиталі басшылығының мәліметінше, тәртіп сақшыларына екпе салу үшін «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Ведомствода алғашқы екпені полиция департаментінің бастығы мен оның орынбасарлары алды. Бүгінгі таңда вакцинацияланған тәртіп сақшыларының саны 50 адамды құрап отыр. Бұл патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары, олар алдыңғы қатарда және басқа қызметтердің қызметкерлеріне қарағанда халықпен тікелей байланыста.
Аурухананың медициналық қызметкерлері COVID-19-ға 11 мыңға жуық тәртіп сақшыларын тексерді, олардың 3 пайызға жуығында оң нәтиже анықталды. «Белгілі себептерге байланысты екпе алмайтын қызметкерлер бар. Оларға әзірге екпе салынбайды. Қалған қызметкерлер бүгіннен бастап вакцинаны ала бастады» деп атап өтті госпиталь басшысы Анаргүл Мұқашева.
Бірінші болып екпе алған полиция департамента патрульдік полиция батальонының 5-ші взводының командирі, полиция аға лейтенанты Данияр Аманжол өзінің жағдайы туралы айтып, екпе алу себебін түсіндірді. «Коронавирусқа қарсы вакцинация басталғанын хабарлаған кезде мен оны бірден алғым келетінін айттым. Былтырғы жағдай адамзат баласы үшін денсаулықтан маңызды ештеңе жоқ екенін көрсетті. Біз, полицейлер, сондай-ақ медицина қызметкерлері азаматтармен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Мен күн сайын жол қозғалысына қатысушылармен жұмыс істеймін. Вакцина алу менің денсаулығыма ғана емес, айналамдағылардың саулығы үшін де қажет», – деді ол.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *