Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне мүше мұнай-газ компаниялары басшыларының жұмыс кездесуі видео конференция форматында өтті. Жиын барысында еліміздің мұнай-газ секторын дамыту және оның инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелері қарастырылды.

Онлайн форматтағы кездесуге Royal Dutch Shell plc концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Бёрден, Chevron корпорациясының өндіру мәселелері жөніндегі вице-президенті Джеймс Джонсон, CNPC корпорациясының вице-президенті Хуан Юн Чжан, Eni S.p.A компаниясының upstream бизнес жөніндегі директоры Гуидо Бруско, ExxonMobil Global Projects компаниясының президенті Нил Даффин, Total E&P компаниясының Каспий және Оңтүстік Еуропа жөніндегі  вице-президенті Кристин Хили қатысты.

Президент жиынға қатысушыларға ілтипат білдіріп, мұнай-газ саласы Қазақстаның дамуында ерекше маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, әлемдік сауда мен экономиканың біртіндеп қайта қалпына келуінің арқасында, біз мұнай-газ секторының халықаралық деңгейдегі, сондай-ақ, ел ішіндегі жағдайына зор үміт артып отырмыз.

– Сондықтан біз осы оң динамиканы пайдаланып, ұзақ мерзімді перспективада аталған саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі алдағы бағыт-бағдарымызды айқындап алуымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Кеңестің 2020 жылдың қараша айында өткен жұмыс кездесуінің қорытындылары бойынша бірлескен есебін тыңдап, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгенін айтты.

Осы ретте Мемлекет басшысы бірқатар маңызды мәлімдеме жасады.

Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев ірі мұнай-газ жобалары бойынша жасалған уағдаластықтардың уақтылы іске асырылуына назар аударды.

Президент Үкімет пен инвесторлардың түсіністікке келгенін, енді осы келісімдерді толықтай жүзеге асыруды қамтамасыз етудің және жедел шешім қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

– Пандемияға қарамастан Теңіз кенішін кеңейту жобасы кестеге сәйкес іске асып жатыр. Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасы бойынша түпкілікті инвестициялық шешімнің қабылдануы – жүйелі жұмыстың тағы бір мысалы. Қазіргі уақытта біз Қашағанды дамытудың ауқымды жоспарының қабылдануын күтіп отырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметтің инвестиция тартудың жаңа тетіктері ұсынылған баяндамасына, оның типтік келісім-шарттарды жетілдіру бөлігіне баса мән берді.

Президент бұл ұсыныстарды қолдап, инвестицияның құқықтық тұрғыдан қорғалуын және тұрақтылығын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, қажет жағдайда инвестициялық жеңілдіктер жасауға тиісті механизмдердің бәрін мұқият пысықтау қажеттігін айтты.

– Барлық жобаның геологияға, нарықтан шалғай орналасуына, мұнай түрлеріне байланысты өз ерекшеліктері болғандықтан, «біркелкі әдістен» қашуымыз керек. Үкімет жобаларды күрделілігі мен маңыздылығы бойынша жүйелеп, оларды реттеудің және қолдаудың тиісті тетіктерін айқындауы қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке жұмыс тобының келесі отырысына жетілдірілген типтік келісім-шарттық механизм әзірлеуді тапсырды.

Бұдан бөлек Президент көмірсутегін қайта өңдеуде инвестицияны реттеудің заманауи және оңтайлы тетігін әзірлеу қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы жергілікті өнімді арттыру мәселесіне арнайы тоқталды. Бұл ретте ол технология трансфертін және өндірісті бір жерге шоғырландыруды қамтамасыз ету үшін нақты шаралар әзірлеу жөнінде Үкіметке берген тапсырмасын еске салды.

– Мен елішілік құндылық (in-country value) қалыптастыруда, ішкі технологиялық және өнеркәсіптік дамуды ынталандыруда энергетикалық жобалардың маңыздылығын үнемі айтып келемін. Өкінішке қарай, бұл бағыттағы прогресс мәз емес. Бізге тың әрі батыл қадамдар жасау керек, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке компаниялармен бірлесіп, Технологиялар трансферті мен локализация жөнінде жол картасын әзірлеуді және бұл жайында келесі отырыста  баяндауды тапсырды.

Мемлекет басшысы жуырда құрылған Инвесторлардың проблемасын шешу жөніндегі фронт-офис туралы да айтты. Оның пікірінше, бұл офистің жұмысы кәсіби, белсенді жүргізіліп, бюрократиялық ресімдер барынша аз болуы керек. Офис инвесторлардың жұмысына кедергі келтіретін проблемаларды шешуге құзыретті болуға тиіс. Егер қажет болса, мәселені Премьер-Министр жанындағы Мұнай-газ кеңесінің деңгейіне көтеру керек.

Президент экологиялық мәселелерге назар аударды. Бұл ретте Мемлекет басшысы мұнай-газ компанияларының газды факелдерде жағып жіберу кезінде шығатын қалдықтарға салынатын төлемдердің әр келкілігі жөніндегі өтініштерін қолдайтынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселелерге қатысты инвесторлардан қоршаған ортаны жақсарту мен көміртегі қалдығын азайту жөнінде батыл әрі нақты іс-қимылдар күтетінін мәлімдеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар