Екпе салу әрі жалғасуда

Өңірімізде биылғы жылдың ақпан айында коронавирусқа қарсы екпе егу басталғаны белгілі.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәлімет бойынша өңірімізде бірінші кезеңмен вакцинаның 1300 дозасы әкелініп, 1298 адамға екпенің бірінші компоненті егілді.
Ал, екпені алғаш алғаннан кейін 3 апта өткесін екпенің екінші компоненті 1009 адамға салынды. Оның 14-і мұғалім, 9-ы мемлекеттік қызметші, қалғандары медицина қызметкерлері. Наурыздың 2-сі күні вакцинаның тағы 3700 дозасы әкелінді. Үстіміздегі айда екпені педагогтар және медицина қызметкерлерімен қатар, күштік құрылымдардың қызметкерлері де алуда. 9 наурызға дейінгі жағдай бойынша соңғы әкелінген екпенің бірінші компоненті 1358 адамға салынды. Оның 302-сі мұғалім, 208-і
полицей және күштік құрылымдардың қызметкері, 35-і – мемлекеттік қызметші және 693-і медицина қызметкері. Осы уақытқа дейін екпе алғандардың ешбірінде асқыну жағдайлары тіркелмеген.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар