Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Көкшетау қаласында ғана емес, бүкіл облыстың аумағында жалғызбасты тұратын ардагерлердің үйлерінің ауласын қардан тазалады.
– Биыл қар өте көп жауды, – дейді зейнеткер Зинаида Косарева. – Егер мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері көмекке келмесе, табиғаттың осы қатал мінезімен күресе алмас едім. Көмектері үшін көп рахмет.
Осындай игі істер мұқтаж адамдарға өте маңызды және ауадай қажет.
Нұрлан ЫСҚАҚОВ,
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.