Коронавируспен күрестің жалғыз ғана тетігі вакцина – ғалым

Коронавирус пандемиясымен күрестің жалғыз ғана тетігі вакцина. Мұндай пікірді С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Күләш Құрманова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

– Күләш Байсейқызы, Қазақстандағы, соның ішінде Алматыдағы эпидемиологиялық ахуалды қалай бағалайсыз? 2020 жылдың наурызынан бүгінгі күнге дейін вирус қалай өзгерген?

– КВИ бойынша әлемдегі эпидемиологиялық ахуал күрделі, бүгінде Алматы «қызыл аймақта» тұр. КВИ-дің жаңа штамдары Еуропаның, Африканың бірқатар елдерінде пайда болып, тез таралуда. Дегенмен, карантин режимі кезеңінде Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақтандырылып, медициналық ұйымдарының жүктемесін едәуір қолжетті.

– Сіз кейбір қазақстандықтардың бетперде тағудың еш мәні жоқ әрі ағзаға зиянын тигізеді деген ақпараттарды естіп, оқыған шығарсыз. Бетперде режимінің кері әсері бар деп санайсыз ба?

– Қорғаныс бетпердесін тағу міндетті, сонымен бірге әлеуметтік қашықтықты сақтаған жөн. Көптеген зерттеулер арқылы коронавирус сияқты ауа-тамшылары арқылы таралатын инфекциялар кезінде бетперде тағу инфекцияны жұқтыру қаупін едәуір төмендететіні дәлелденген. Сондықтан «Өзіңді және жақындарыңды қорға» деген ұран өте өзекті болып отыр. Егер бетпердені дұрыс тағатын болса, оның кері әсері болмайды.

– Жақында алматылық эпидемиологтар жергілікті тұрғындар жұқтырған коронавирус мутациясының үш штаммы туралы айтты. Вирус штамдары түрлі елдерде және әлемнің түрлі өңірлерінде әртүрлі болатыны туралы мәліметтер бар ма?

– Құрамында РНҚ бар коронавируске тез өзгеру тән. Түрлі факторлардың әсерінен коронавирус мутациялануы мүмкін. Алайда, «Спутник V» және қазақстандық «QazCovid-in» вакциналары – векторлы әрі адам аденовирусының рекомбинантты бөлшектері болып табылады, бұларда коронавирус қабықшасының S протеині – антиденелер бөленетін ақуыз бар. Бұл вакциналар кез-келген мутацияланған коронавирус штамдарына қарсы тұра алады. Еріктілер салдырған вакцинадан соң коронавирусқа қарсы антиденелер 98%-ды құраған. Жасушалық иммунитет барлық сынақ қатысушыларында анықталды.

– Қазір алматылықтарды ағзада бөлінген иммунитет, сонымен бірге, ауырып-жазылғаннан кейін пайда болған иммунитет қанша уақыт сақталады деген маңызды сұрақ мазалауда.

– «Спутник V» вакцинациясынан кейін дамыған иммунитет бір жылға дейін және одан да ұзақ уақыт сақталады. Табиғи түрде ауырғаннан кейін пайда болған иммунитет науқастың денесінің иммунологиялық реактивтілігіне, сондай-ақ бастан өткен аурудың ауырлығына байланысты ұзақ, қысқа мерзімді және әлсіз болуы мүмкін. Коронавирус тыныс алу мүшелерін ғана емес, иммундық жүйенің жасушаларын және басқа тіндерді де зақымдайды, бұл барлық ұлпалар мен мүшелерде мультижүйелі қабыну реакциясын тудырады.

– Күмәнмен қарайтындар бәрібір жаңа штамдар пайда болып жатқан болса, вакцинаның не мәні бар дейді. Осыған байланысты не айтар едіңіз? COVID-19 вакцинациясынан кейін иммунитет қанша уақыт сақталады? Вакциналар коронавирустың жаңа штамдарынан қорғай ма?

– «Спутник V» және қазақстандық «QazCovid-in» вакцинасы – векторлық болып табылады және адам аденовирусының рекомбинантты бөлшектері болып табылады, оларда коронавирус қабықшасының S протеині – антиденелер бөленетін ақуызы бар. Бұл вакциналар кез-келген мутацияланған коронавирус штамдарына қарсы тиімді болады. Вакцинациядан кейін коронавирусқа қарсы антиденелер еріктілердің 98%-ында табылды. Жасушалық иммунитет барлық сынақ қатысушыларында анықталды.

– Сіз коронавирусқа қарсы вакцина алдыңыз ба? Алған болсаңыз, өзіңізді қалай сезінетініңіз жайлы айтып берсеңіз. Кері әсері байқалды ма?

– Мен вакцина алу үшін кафедра қызметкерлерінің тізімінде тұрмын. Ал қызым мен күйеу балам «Спутник V» вакцинасын алды, олар екпеден соң өздерін жақсы сезінді. Яғни, екпенің ешқандай кері әсері байқалмады.

– Кейбір шетелдік және отандық эпидемиологтар COVID-19 ішкі ағзаларға әсер етеді және аурудың салдары емделгеннен кейін де қалады дейді. Оңалту және қалпына келтіру тұрғысынан бұрын ауырған адамдарға қандай ұсыныстар бересіз?

– Эпидемиологтар мен әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің (инфекционистер, нефрологтар, эндокринологтар, неврологтар және т.б.) пікірімен келісемін. Коронавирустық инфекция ауруының нәтижесінде ішкі органдар (ми, жүрек, бүйрек, бауыр және т.б.) зақымдалады, оның салдары әр адамда ауруға дейінгі денсаулық жағдайына, инфекциялық процестің ауырлығына байланысты әр түрлі көрінеді. Сондықтан әр науқастың жағдайына жеке қарау қажет. Жалпы, физикалық тұрғыда белсенділік, дұрыс тамақтану, толық ұйқы, жаман әдеттерден бас тарту (темекі шегу және т.б.), белсенді өмірлік ұстаным (көбірек жағымды эмоциялар) қажет. Мұның бәрі иммунитетті көтереді.

– Қорытындылай келе, өзін және жақындарын қауіпті вирустан қорғағысы келетін, бірақ вакцинацияға да аса сақтықпен қарайтын қала тұрғындарына не айтар едіңіз. –

«Спутник V» және қазақстандық «QazCovid-in» вакцинасы клиникалық сынақтардың барлық кезеңдерінен өткен жақсы тазартылған және қауіпсіз вакциналар болып табылады. «Спутник V» вакцинасының бірінші және екінші компонентін алған жүздеген мың адамның пікіріне сәйкес, оның жағымсыз жанама әсерлері жоқ және қауіпсіз.

Дереккөз:inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар