Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстандық вакцинаның артықшылықтары қандай - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстандық вакцинаның артықшылықтары қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР БҒМ биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария қазақстандық вакцинаның артықшылықтарын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отандық вакцинаның параметрлері бойынша мынаны мәлімдеймін: вакцина сенімді, уақытша әзірлеу технологиясымен тексерілген. Ондағы барлық компоненттер соңғы 60 жыл ішінде зерттелген және қауіпсіз. Жаңа компонент – бұған дейін айтқанымыздай, SARS-CoV-2 вирусының өзі. Біздің технологиямыздағы вирус химиялық жолмен «өлтірілген» (инактивтендірілген). Иммундық реакцияны күшейту үшін оған адъювант (алюминий тұздары) қосылады», — деді К. Закария Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Спикер коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеудегі технологияның артықшылықтарын атады. «Вакцинаны әзірлеудегі инактивтендірілген технологияның артықшылығы –технология жылдар бойы тексерілген, барлық компоненттер сенімді және қауіпсіз. Олар вакцинамен байланысқан ауруларды тудырмайды және гуморальды, жасушалық иммунитетті сенімді түрде қоздырады. Айырықша ерекшеліктері – күрделі техниканы, күрделі тоңазытқыш қондырғыларды талап етпейтін жетілдірілген жеткізу әдістері бар және тоңазытқышта плюс 2-8 градус температурада тасымалданады», — деп түсіндірді ҒЗИ бас директоры. Сонымен бірге, К. Закария екі компонентпен егілгеннен кейінгі ағзадағы антиденелердің құрамы бойынша алдын ала деректерді баяндады. «Клиникалық зерттеулердің бірінші және екінші фазаларының нәтижесі бойынша QazCOVID-in вакцинасын алған адамдарда бірінші вакцинадан кейін 2-ден 16-ға дейінгі титрде вирусты бейтараптандыратын антиденелердің пайда болуы байқалады. Екінші вакцинадан кейінгі деңгей тұрақты өсуде. Орташа геометриялық титр – 99,5. Осылайша, қазақстандық вакцинаның жоғары имунностимуляциялық белсенділігін көруге болады», — деді Күнсұлу Закария.

https://www.inform.kz/kz/kazakstandyk-vakcinanyn-artykshylyktary-kanday_a3776303

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар