Қазақстандық вакцинадан кейін антидене қанша уақыт сақталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья қазақстандық вакцинадан кейін антидене қанша мерзім сақталатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикерге «Спутник-V» вакцинасы ағзаға вирусты екі жылға дейін жолатпайды. Яғни, екі жыл бойы антидене қалыптасады деп жатыр. Ал «QAZVAC» күші қанша уақытқа жетеді?» деген сұрақ қойылды. «Спутник-V» екі жыл иммундық жауапты ұстап тұруы үшін екі жыл бойы оны тексеру керек. Бүгінгі күні бұл зерттеулердің жүргізілгеніне тек қана бір жыл болды. Сондықтан, оны нақты айту қиын. Біздің вакцинамыз туралы толық ақпаратты клиникалық зерттеудің үшінші фазасы аяқталған соң айта аламыз. Дегенмен ең басында ғалымдардың өзі вакцина салған сәттен бері тоғыз ай өтті. Тоғыз айдың ішінде иммундық жауап жоғары болып тұр», – деп жауап берді К. Закария Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Бұған дейін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов еріктілердің клиникалық зерттеуі қалай өтіп жатқанын айтып берген еді. Сонымен бірге, Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жануарлардың коронавирусына қарсы вакцина әзірлеуді жоспарлап отыр. Вакцина әзірлеп жатқан Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының еңбекақысын көтеруге қаражат бөлінді.

https://www.inform.kz/kz/kazakstandyk-vakcinadan-keyin-antidene-kansha-uakyt-saktalady_a3776273

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар