Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Израильде көшеде міндетті түрде маска тағып жүру ережесі күшін жойды - АРҚА АЖАРЫ

Израильде көшеде міндетті түрде маска тағып жүру ережесі күшін жойды

Бразилия COVID-19-дан өлім-жітім жайттары бойынша әлемде екінші орында. Рио-де-Жанейрода зираттарда орындардың болмауына байланысты қайтыс болғандарды жерлеу үшін жаңа кешен салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.


Елде коронавирустық инфекциясының таралуы шеңберінде Бразилияның санитариялық қызмет өкілдері әйелдерге мүмкіндігінше жүктілікті кейінге қалдыруға кеңес беруде. Ал Израильде көшеде міндетті маска тағып жүру ережесі күшін жойды. Елдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның таралу деңгейі төмен екенін атап өтті. Ғимараттарда жеке қорғаныс құралын тағу әлі де міндетті болып табылады. Франция билігі Аргентина, Бразилия, Чили және Оңтүстік Африкадан келгендерге міндетті карантин енгізбек. Шектеу шаралары осы жылдың 24 сәуірінен бастап күшіне енеді.


Дереккөз: inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар