Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында орман қорына 2 миллиардтан астам және елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызуды тапсырды. Бұл біздің өлкемізді көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу үшін маңызды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері осы игі іске өз үлестерін қосу үшін Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің бастамасымен ұйымдастырылған «Көкшетау — көк қарағай мекені» экологиялық акциясын бастады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер Абылай хан даңғылы мен Төлеу Сүлейменов көшесінің қиылысында «Арқар» мүсіндік композициясының жанындағы шағын саябаққа 30 жас қарағай көшеттерін отырғызды.
Департамент басшысы Берген Беспалинов өз сөзінде ағаш отырғызу – бұл тек өз өлкесін көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу екенін атап өтті.
Айта кету керек, бұл акция екінші жыл жалғасуда. Оған қала тұрғындары, шағын және ірі кәсіпорындардың өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысады.