Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26 сәуірдегі мәлімет бойынша:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары тұр.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, облыстары орналасқан.
«Жасыл аймаққа: Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.
Айта кетейік, 25 сәуірдегі бағалау матрицасында Павлодар облысы – «сары», Шымкент қаласы «қызыл» аймақта тұрған еді.
Дереккөз: inform.kz