Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысындағы инфляция және қаржы нарығындағы жағдай - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысындағы инфляция және қаржы нарығындағы жағдай

Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және алтын валюта резервтері.
Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2021 жылғы наурызда облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы желтоқсан айына қарағанда 101,9% құрады, 2020 жылдың осы кезеңінде – 101,8 % болған еді, республикалық орташа көрсеткіш тиісінше – 101,9 % және 102,3 % құрады. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,9 %-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1,5 %-ға, азық-түлік тауарлары – 3,0 %-ға қымбаттады.
2020 жылғы 21 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме жылдық 9,0 % құрайды.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 1,8 %-ға азайып, 90,6 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Респуб-
ликасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 33,5 млрд. АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 57,1 млрд. АҚШ долларын құрады.
Облыстағы қаржы нарығының жағдайы.
2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 15 филиалы және «Қазпочта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.
Валюта нарығы. 2021 жылдың наурыз айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 419,70 теңгені, еуро – 506,26 теңгені, ресей рублі – 5,65 теңгені құрады.
2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Ақмола облысында 68 айырбастау пункті, оның ішінде: 56 – банк филиалдарының, 11 уәкілетті ұйымның 12 айырбастау пункті жұмыс істейді.
2021 жылғы наурыз айында облыстағы айырбастау пункттері 4,9 млн. АҚШ долларын, 1,2 млн. еуро және 494,1 млн. ресей рублін сатты. 2020 жылғы наурыз айында – 11,7 млн. АҚШ доллары, 0,7 млн. еуро және 673,5 млн. ресей рублі сатылды.
Депозит нарығы. 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банктердегі депозиттерінің жалпы көлемі 207,8 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,6%-ға өсті, өткен аймен салыстырғанда 1,2%-ға азайды.
Депозиттердің жалпы сомасындағы теңгемен салынған депозиттердің үлесі 81,1% құрайды.
Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 8,4%, шетел валютасы бойынша – 0,79% болып қалыптасты.
Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 282,6 мың теңгені құрады.
Кредит нарығы. 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 250,6 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7,7%-ға өсті, өткен аймен салыстырғанда 2,0%-ға өсті (2021 жылғы 1 наурызда – 245,6 млрд. теңге).
2021 жылғы наурыз айында облыс банктерімен 26,3 млрд. теңгенің кредиті берілді, бұл көрсеткіш 2021 жылғы ақпан айымен салыстырғанда 34,2%-ға өсті.
2021 жылғы наурыз айында теңгемен берілген кредиттер бо-
йынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 13,7%-ды құрады.
2021 жылғы ақпанда теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 95,4% құрады.
Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 90,9 млрд. теңгені құрады. 2021 жылғы наурыз айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің көлемі 2021 жылғы ақпан айымен салыстырғанда 28,5% өсіп, 8 961,1 млн. теңгені құрады.
Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 58,8 млрд. теңгені құрады. 2021 жылғы наурыз айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 3 342,7 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы ақпан айымен салыстырғанда 15,4% немесе 446,0 млн. теңгеге өсті.
Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2021 жылғы 1 сәуірге 42,1 млрд. теңгені құрады. 2021 жылғы наурыз айында сомасы 4 481,1 млн. теңге кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы ақпан айы-
мен салыстырғанда 71,7% өсті (2021 жылғы ақпанда – 2 609,7 млн. теңге берілді). 2021 жылғы наурызда орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 11,8% құрады.
Төлем карточкалар нарығы.
2021 жылғы 1 наурыз айына айналымдағы төлем карталарының саны жалпы облыс бойынша 1 253,0 мың бірлікті құрады (алдыңғы аймен салыстырғанда 4,7% -ға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,5% құрайды.
Ақмола облысы бойынша бұл карточкалар иелерінің саны – 1 020 мың адамды құрады, өткен аймен салыстырғанда 3,8% өсті.
2021 жылғы ақпан айында төлем карточкаларын пайдалана отырып, жасалған транзакциялар көлемі 87 682,8 млн. теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 18,2%-ға өсті). Транзакциялар саны
5 913,4 мың транзакцияны құрап, 11,6%-ға өсті. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 11,0% өсіп, 5 199,2 мың транзакцияны құрады, сомасы 16,2% өсті (мөлшері 50 851,9 млн. теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 16,2%-ға дейін өсті (транзакциялар саны 714,2 транзакцияны құрады), сомасы 21,0%-ға өсті (мөлшері 36 830,9 мың теңгені құрады).
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 5 585 POS-терминал, 391 банкомат, 3 185 жеке кәсіпкер; 4 756 сауда нүктелері.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар