Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинация бойынша әлемде 52-орында тұр

Қазақстан коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғандар саны бойынша әлемде 52-орында тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінде Қазақстан азаматтарын вакцинациялау «Спутник V» және «QazVac» вакциналарымен жүргізіліп жатыр. Қазақстан COVID-19-ға қарсы әлемдік вакцина өндірушілердің ондығына кірді. Әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан 177 елдің ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғандар саны бойынша 52-орында тұр», – деді министр.
Оның атап өтуінше, вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес, кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатыр. Бұл егуге жататын халықтың 20 пайызын вакцинамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Жұмыс жалғасуда. Вакцинациямен қамту елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға мүмкіндік береді», – деді Алексей Цой.

Дереккөз: inform.kz

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар