Ақмолалық оқушы республикалық ғылыми жарыста топ жарды

Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы обсерваториясының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 18-25 сәуір аралығында мектеп оқушыларына арналған Төкен Омаров атындағы республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан ғылыми жарыс өткізілді.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, ғылыми жарыстың негізгі мақсаты – жаратылыстану білімдерін насихаттау, астрономия және онымен байланысты ғылымдарға ғылыми жол табу болып табылады.

«Облысымыздан аталған жарысқа экология және космонавтика секциясы бойынша қатыстым. Жобаның тақырыбы: «Зымыран – тасығыштарды қоршаған ортаға зиянсыз ғарыш кеңістігіне шығару әдістерін зерттеу» – деп бөлісті Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Бектұрған Бақмұхаммед.

Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан ғылыми жарыстың қорытындысы бойынша Бектұрған Бақмұхаммед жүлделі III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар