Әлемде 3 миллионнан астам адам коронавирустан көз жұмды

Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 151 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Джонс Хопкинс университеті сайтындағы соңғы мәліметке сәйкес, әлем елдерінде коронавирус барлығы 151 млн 774 мың 770 адамнан анықталды.

Оның ішінде вирустан қайтыс болғандар саны – 3 млн 118 мың 331 науқасты құрады. Коронавирус ең көп тараған елдердің алғашқы бестігінде: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Түркия орналасқан.

Дереккөз: inform.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар