Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Вакцинаның бірінші компоненті үш аптадан кейін иммунитеттің қалыптасуына әсер етеді – А. Цой - АРҚА АЖАРЫ

Вакцинаның бірінші компоненті үш аптадан кейін иммунитеттің қалыптасуына әсер етеді – А. Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрақтарына берген жауабында вакцина алғандардың неге екі топқа бөлінетінін айтып берді.

«Екі компонент вакцинацияны аяқталатын кезде денсаулық сақтау жүйесіндегі «алтын стандарт» болып табылады. Бірақ бірінші компонент үш аптадан кейін иммунитеттің дамуына әсер ететінін түсінуіміз керек. Бұл ретте індет белең алғанда, ең алдымен, оны тоқтауымыз керек. Індетпен күрес әдістері, соның ішінде КВИ-мен күрес КВИ жұқтырудың алдын алу және берілу жағдайларын азайтуға негізделеді. Сондықтан біз үшін бірінші және екінші компоненттің қарқынын бақылау өте маңызды. Қалай болғанда да, екінші компонент біріншісмен «бірдей» болатынын түсіну керек. Бірнеше күн өткен соң барлық пациенттер екінші дозаны салдырады», – деп сендірді бөлім басшысы.

Вакцинацияның қай кезеңінде екенімізді нақты түсіну үшін көрсеткіштер екі компонент бойынша жарияланады.

Министрдің айтуынша, екінші компонент вакциналарының мөлшері жеткілікті. Өңірлерге 547 мың доза жеткізілді. Қарағанды фармзауытының қоймаларында тағы 400 мың доза өндірілді. Алдағы уақытта кестеге сәйкес тағы жарты миллион доза жеткізіледі деп күтілуде.

«Тапшылық жоқ. Вакциналар қамтамасыз етілді. Вакцинация қарқыны жақын арада арта түседі деп ойлаймын. 2,3 миллион доза әкелінді. Екінші компонентті біріншісіз егу мүмкін емес екенін білесіздер. Сондықтан вакцинация процесін қолдау үшін бірінші және екінші компоненттерді аудандарға апару маңызды болды. Сол себепті бүгінде вакцинация арасында алшақтық жоқ. Азаматтар оны уақытылы алады», – деді А.Цой.

https://ortcom.kz/kk/novosti/1620216560

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар