Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Конспирологиялық ештеңе жоқ. Вакцина дозалары арасындағы уақыттың ұлғаюы Гамалея институтының ұсыныстарына негізделген – А. Цой - АРҚА АЖАРЫ

Конспирологиялық ештеңе жоқ. Вакцина дозалары арасындағы уақыттың ұлғаюы Гамалея институтының ұсыныстарына негізделген – А. Цой

Денсаулық сақтау министрлігі вакцина әзірлеушілерден, Ресей Ғылым академиясының академигі, Гамалея ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының директоры Александр Гинцбургтен ресми хат алды. Онда кейбір жағдайларда вакцина компоненттері арасындағы уақыт аралығын арттыру иммунитеттің көтерілуіне әкелетіні айтылған. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ресми құжатты көрсетіп, оқып берді.

«Аденовирустық платформадағы вакцинаны қолдану нәтижелері бойынша, сондай-ақ Ресей, Аргентина және басқа елдерде «Спутник V» препаратымен жаппай вакцинациялау кезінде алынған мәліметтер негізінде вакцинаның 1-ші компоненті мен 2-ші компоненті арасындағы уақыт аралығын ең аз ықтимал 21 күннен 90 күнге дейін арттыру мүмкін екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, дозалар арасындағы уақыт аралығын ұзартуы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейді, ал кейбір жағдайларда иммунитеттің жоғары белсенділігіне әкеледі. Яғни, бұл құжаттың негізінде бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына осындай өзгерістер енгізілді. Бұл ретте вакцинация өз қарқынымен жүріп жатқанын атап өтуіміз керек. Орта есеппен, біз азаматтарымызды екінші компонентті салдыруға шақыру уақытын 90 емес, 45 күннен кейін деп белгіледік. Бірақ қажет болған жағдайда, (кейбір азаматтар мұны іссапармен немесе шетелге шығумен байланыстырады), олар өздері егілген жерге өтініш беріп, 21-ші күні егіле алады. Вакцина жеткілікті. Бірінші компонент – иммунитетті тудыратын негізгі компонент болып табылады. Оның әсерін бекіту және шамалы арттыру үшін екінші компонент егіледі», – деді Алексей Цой

Сондай-ақ ол бұл халықаралық тәжірибе екенін атап өтті. Ұлыбритания, Франция, Украина, Чехия, Канада, Италия елдері вакциналардың дозалары арасындағы уақыт аралығын ұлғайту туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, бұл «Pfizer/BioNTech», «Moderna», «Vaxzeria» сынды бірқатар белгілі вакциналарға қатысты.

https://ortcom.kz/kk/novosti/1620217680

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар