Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сандықтау ауданында соғыс ардагерлеріне мемориалдық ескерткіш тақта ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Сандықтау ауданында соғыс ардагерлеріне мемориалдық ескерткіш тақта ашылды

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Жеңіс күні Балкашин ауылында ашылған мемориалдық ескерткіш қабырға тақтада соғысқа қатысушылардың аты-жөндері жазылған.

Нысанның ашылуына аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков, соғыс ардагері Николай Сахновтың қызы Татьяна Егорова, Сандықтау ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы және құрметті азаматы Бақытжамал Сейітжанова, әскери қызметкерлер, қоғам өкілдері қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Жеңіс күні бүкіл ел үшін ең маңызды, толғандыратын және қастерлі мерекелердің бірі болып табылады. Бұл сол қатыгез соғыста қаза тапқандардың бәрін еске алу. Біздің ауданнан майданға 10 мыңнан астам адам шақырылды, 4155 адам майдан даласында қаза тапты, 5935 адам үйлеріне оралды.

Өкінішке орай, ауданымыздағы соғыс ардагерлері қазір арамызда жоқ, олар біздің жадымызда және жүрегімізде мәңгі сақталған», – деп атап өтті құттықтау сөзінде аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков.

Шараға қатысушылар монументке гүл шоқтарын қойып, соғыс ардагерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.
Айта кетейік, соғыс жылдары Ақмола облысынан майданға 90 мыңға жуық адам шақырылып, соғыстан 37 мыңнан астам адам ғана оралды.

Бүгінде өңірде 20 соғыс ардагері мен 3000-нан астам тыл еңбеккері тұрады. Оның ішінде Сандықтау ауданының сегіз тұрғынына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бұл Василий Бенберин, Василий Бовт, Андрей Бусалов, Иван Воронин, Николай Колбасов, Иван Терехин, Сергей Юдин және Алексей Чернов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар