Елімізде 2 283 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандағы коронавирусқа қатысты 12 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша ПТР арқылы 2 283 адамда коронавирус індеті расталды.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 389, Алматы қаласы – 597, Шымкент қаласы – 82, Ақмола облысы – 104, Ақтөбе облысы – 87, Алматы облысы – 216, Атырау облысы – 75, Шығыс Қазақстан облысы – 87, Жамбыл облысы – 37, Батыс Қазақстан облысы – 97, Қарағанды облысы – 250, Қостанай облысы – 26, Қызылорда облысы – 30, Маңғыстау облысы – 37, Павлодар облысы – 109, Солтүстік Қазақстан облысы – 35, Түркістан облысы – 25. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 350 591.
Дереккөз: inform.kz