Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Індетке қарсы шектеу шаралары әлі де күшінде - АРҚА АЖАРЫ

Індетке қарсы шектеу шаралары әлі де күшінде

Ағымдағы жылдың 16 мамырындағы жағдай бойынша облыста COVID-19-дан зертханалық жолмен расталған 20 526 жағдай тіркелген. Ал, өткен бір тәулік ішінде коронавирус пандемиясын жұқтырған 153 жағдай зертханалық жолмен расталғалы отыр.

Облыс бойынша бүгінгі күнге дейін ересектер арасында 18264 жағдай тіркелген, бұл қауіпті індеттің 90 пайызы, ал, 2262-сі 14 жасқа дейінгі балалар арасында кездесіп отыр. Сондай-ақ, емханаға өз еріктерімен келіп тексерілген кезде анықталған 10727 жағдайдың жалпы санынан 7298 адам індет жұқтырғандармен байланыста болса, 2500 профилактикалық скрининг кезінде анықталған. Сонымен қатар, өткен жылы COVID-19-дан 7247 жағдай зертханалық жолмен расталса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 13279-ға жеткен, мамыр айының жартысында-ақ, 2082 адам осы қауіпті індеттен зардап шегуде.

Соңғы аптаның ішінде COVID-19 ауруынан 889 жағдайы тіркелсе, бұл алдыңғы аптадағы тіркелген 911 жағдайға қарағанда 1,02-ге төмендеген. Соңғы бір тәулікте коронавирустан зертханалық жолмен 153 адамның ауырғаны расталған. Оның ішінде 130 жағдайда симптомдары бар болса, 23-і ауруды тасымалдаушылар. Сөйтіп, аурудың тәулігіне 0,8 пайызға өскені байқалып отыр.

ЖРВИ симптомдарын емдеу кезінде 98 жағдай анықталса, оның 46-сы байланыста болған, тоғызы профилактикалық тексеру кезінде анықталған. Сөйтіп, 135 жағдай ересектер арасында, 18 жағдай 14 жасқа дейінгі балаларда белгілі болып отыр.
Пандемиядан мектеп оқушылары арасында соңғы бір тәулікте аурудың 17 жағдайы тіркелген. Нақтырақ айтсақ, 4 жағдай Ақкөлде болса, 3 жағдай Жарқайың, Степногорскі мен Целиноградта. Жақсы, Есіл аудандарында екі жағдайдан, Шортанды да бір жағдай тіркеліп отыр.

Оның ішінде үшеуі тұрақты режимде (оффлайн), 14-і онлайн режимде жұққан. Сонымен, қауіпті індеттен ауырған мектеп оқушыларының ең көбі Көкшетау қаласында (437). Бурабай ауданында 150, Степногорскіде 70, Зерендіде 46, Сандықтау ауданында 45 оқушы тіркелгені алаңдатары сөзсіз. Қалай болғанда да санитарлық режимді сақтап, үнемі өзіміз бен айналамызды қауіпті індеттен қорғауды естен шығармайық.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар