Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бас репродуктолог жүктілік алдындағы вакциналауға қатысты кеңес берді - АРҚА АЖАРЫ

Бас репродуктолог жүктілік алдындағы вакциналауға қатысты кеңес берді

ҚазАқпарат – Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, Қазақстанның бас репродуктологы Вячаслав Локшин жүкті әйелдерге коронавирустың әсері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүкті әйелдер COVID-19 індетін қиын еңсереді. Сондықтан оның бір ғана баламасы бар, яғни жүкті болғанға дейін вакциналанған жөн. Қарсы көрсетілімдер болмаса, экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) бағдарламасына дайындалып жүрген пациенттерге вакцинаның екі дозасын алуға кеңес береміз. Екінші екпеден кейін бір айдан соң олар ЭКҰ бағдарламасына қатыса алады.

Сонымен қатар, жүктілікті жоспарлап жүрген ерлі-зайыптыларға да осындай кеңес береміз», – деді Вячаслав Локшин Орталық коммуникациялар қызметінде. Оның айтуынша, егер әйел адам жүкті екенін білмей вакцина салдырса, онда жүктілікті тоқтату бойынша әрекетке бармау керек. «Тиісті скринингтер бар және соның барасында барлығын көруге болады. Тәжірибе көрсеткендей, жеңіл симптомды формада коронавируспен ауырған әйелдердің жағдайы жақсы болады, нәресте індет жұқтырмай дүниеге келеді.

Сондықтан ЭКҰ бағдарламасына, жүктілікке дайындалып жүргендерді вакциналаудың толық курсынан өтуге шақырамын», – деді В. Локшин. Бұдан бұрын хабарланғандай, баспасөз мәслихатында вакцинаның бірінші компонентінің орнына екінші компонентін салудың кері салдары болмайтыны айтылды.

 https://www.inform.kz/kz/bas-reproduktolog-zhuktilik-aldyndagy-vakcinalauga-katysty-kenes-berdi_a3788102

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар