Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ashyq» жобасын енгізу 10 мың адамды ауру жұқтыру ықтималдылығынан қорғауға мүмкіндік берді – ҚР ДСМ - АРҚА АЖАРЫ

«Ashyq» жобасын енгізу 10 мың адамды ауру жұқтыру ықтималдылығынан қорғауға мүмкіндік берді – ҚР ДСМ

«Ashyq» жобасын енгізу вирус жұқтырған немесе науқаспен байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға бару мүмкіндігін болдырмауға, азаматтарға індет жұқтыруды барынша азайта отырып, шағын және орта бизнестің жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

ҚР ДСМ электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Бейбіт Есенбаевтың айтуынша, өткен демалыс күндері еліміздің екі әуежайында ПТР нәтижесі оң (қызыл) 14 адам және науқаспен байланыста болған (сары) 32 адам анықталды. Жоба іске қосылған сәттен бастап (12 сәуір) 2 631 «қызыл» келуші және 2 074 байланыста болған тұлға тіркелді.

«Бір науқас 4-6 адамға ауру жұқтыруы мүмкін. Осылайша, «Ashyq» жобасын енгізу 10 мыңға дейін адамды індетті жұқтыру ықтималдылығынан қорғауға мүмкіндік берді. Қосымшада «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің қызметін шектеудің нақты критерийлері көрсетілгенін атап өткім келеді. Қызыл, сары және жасыл аймақтар», – деді ведомство өкілі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, ол 1 шілдеге дейін «Ashyq» мобильді қосымшасын «Вакцинация» модулімен біріктіру жоспарланғанын жеткізді. КВИ қарсы вакцинаның екі компонентін салдырған азаматтар кедергісіз өтеді.

https://ortcom.kz/kk/novosti/1621850742

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар