Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында жаңа қаулы шықты - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында жаңа қаулы шықты

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның №19 жаңа қаулысы мамырдың 27-нен бастап күшіне енді.

Бұл құжатта қолданыстағы «Ақмола облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын күшейту туралы» №14 қаулысына бірқатар өзгерістер енгізіліп отыр. Яғни, «Ashyq» қосымшасы бойынша жұмыс істейтін Ақмола облысының нысандары өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес қосымша жеңілдіктерге ие болып отыр.

Жаңа қаулыда банкет залдарында 30 адамнан аспайтын есеппен және бір адамға кемінде 4 шаршы метр алаңды қамтамасыз ету кезінде еске алу шарасын өткізуге рұқсат береді. Бұл нысандардың толымдылығы 30 пайыздан аспаған жағдайда сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Ал қосымша бойынша жұмыс істемейтін нысандарға 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Құжат бильярд, компьютерлік клубтардың, соның ішінде PlayStation клубтарының, боулинг орталықтарының жұмысын 00:00-ден 02:00-ге дейін ұзартады.

Бұл ретте компьютерлік клубтарға 16 және одан жоғары жастағы адамдар ғана жіберіледі. Караоке осы кесте бойынша жұмыс істейді, бірақ 50 пайызға дейін толтырылуы мүмкін, 30 адамнан аспайды. Сондай-ақ, құжат лотерея клубтары мен лотереяны сатудың басқа нүктелерінің жұмысын қарастырады. Олар бір адамға кемінде 4 шаршы метр аумақты қамтамасыз ету кезінде және бір мезгілде 30 адамнан аспайтын уақытта жұмыс істей алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар