Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі» деп айтылған. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Мемлекет мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс жасағанымен, жағдай әлі де күрделі болып отыр. Бұл тұрғыда қазақ тілін дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыруды одан әрі жалғастыру қажеттігі туындайды.

«Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді қолдана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтарының тәжірибесіне үйлесімді түрде қосылатын қазіргі заманғы тіл қалдыруымыз керек. Бұл өзін-өзі құрметтейтін әр адам өз бетінше шешуі керек міндет», – деген еді бұл орайда, Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақ тілі өзінің пайда болуы мен дамуының терең тарихына ие бола отырып, мемлекет құрушы ұлттың тілі ретінде шетелдік сөздермен толықтырылып қана қоймай, әлемдегі басқа тілдерді, мәселен, орыс, украин, белорус, қырғыз және тағы басқа тілдерді де байыта түсті.

Қазақ тілі XV-XVI ғасырларда Орта Азия қыпшақтарының тілі негізінде қалыптасқанына қарамастан, бүгінде ол Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де қажетті қарым-қатынас құралы болып табылады. Қазақ тілі көп жағдайда бірегей тіл. Мысалы, түріктер сияқты қазақтар да ежелден руникалық жазуды қолданған. Одан әрі араб-мұсылман ықпалымен қазақ тілі араб графикасына ауысты, ал, 1929 жылдан бастап латын әліпбиіне көшіп, 1940 жылы кириллицаға көшті.

Бүгінгі таңда біздің еліміздегі қазақ әліпбиі қосымша әріптер қосылған кириллица негізіндегі 42 әріптен тұрады. Ал, 2009 жылдан бастап мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіруге дайындық басталды. Бүгінгі таңда қазақ тілінің қажеттілігі дәлелдерді немесе қандай да бір дәлелдемелерді талап етпейтін факт болып отыр. Бұл ретте, мемлекет құрушы тілдің танымалдығы тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де өсіп келеді. Бұл, әсіресе, көрші мемлекет – Ресейдің мысалында айқын көрінеді. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясының аумағында бір миллионнан астам этникалық қазақтар тұрады.

Өзінің тарихи Отанынан шалғай орналасқанына қарамастан, қазақ диаспорасы ана тілін, ұлттық мәдениетті және дәстүрлерді сақтауға тырысады. 14 жылдан астам уақыт бойы Орынбор қазақтарының қауымдастығы жұмыс істеп келеді, оның құрамына бүкіл өңір бойынша жұмыс істейтін 16 қауымдастық бөлімшесі кіреді.
Мемлекеттік тілді жаппай меңгерумен қатар ұлттық мақтаныш сезіміне негізделген қазақ патриотизмінің рөлі мен маңызы арта түсетіні айқын. Патриотизм азаматтардың саяси мәдениетінде көрініс табатыны және күш, халық бірлігі мен мемлекет тұтастығының қайнар көзіне айналатыны белгілі. Мемлекеттік тілді білу патриоттық парыз екенін түсіне отырып, ана тілімізді ардақтауға баршамыз атсалысуымыз керек.

Мемлекеттік тілдің тағдыры ұлттық болмыстың, рухтың оянуын талап етеді. Бұл мәселеге тереңірек үңілсек, қазақ тілінің тағдыры қазақтардың өз қолында. Өркениетті елдерде тіл тағдыры халық бұқарасының белсенділігімен және биліктегі қазақтардың қадір-қасиетінің деңгейімен шешіледі.

Қымбат ЕСЕНОВА,
Көкшетау қалалық мамандандырылған тергеу сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар