Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік тіл- менің тілім - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік тіл- менің тілім

Мемлекеттік тіл-тәуелсіз еліміздің негізі рәміздерінің бірі. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлтпен-ұлтты байланыстыратын ерекше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-біріне қатынаса алады. Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеныне үңіліп, бүгінгісін бажайлап, болашағын бағдарлауға жол ашты. «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді «Қазақ мемлекеті»-деп атайтын боламыз» деген еді Елбасымыз.

Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтты. Тілдің беделін көтеру, оның  жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда. Әр ата-ана ананың ақ сүтінен дарыған ана тілін үйретуді қолға алса, тіліміз Елбасымыз айтақндай мемлекеттік мәртебе дәрежесінің тұғырына қонатыны анық. «Ана тілін білмеген ақылы жоқ желікбас,  ана тілін-сүймеген, халқын сүйіп жарытпас» деген пақын Қадыр Мырза-Әлінің сөзінде терең мағына жатыр емес пе.

Қазір қазақ тілі-тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл болғандықтан, барша қазақстандықтардың ортақ тілі болып саналады. Қазақстанда тұратын оны Отаным деп  қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін әрбір азамат мемелкеттік тілді білуі тиіс.

Қазақ тілі өте бай, орамды, көркем тіл. Адам тіл арқылы өнер білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды үйренеді. Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа  ана тілі арқылы табыс етеді. Сондықтан ана тілін білмей, ұлттық мәдениетті жете меңгеру мүмкін емес. «Тіл тазалығы дейтініміз-ана тілдің сөзің басқа тілдің сөзімен шұбарламау» -деп Ахмет Байтұрсынұлы текке айтпаған. Тіл туралы заңымыздың қағаз жүзінде қалмай, өмірде нық қадам басып, ғұмыры ұзақ болуына баршамыз атсалысайық, ағайын.

Жарқын Жұмағалиев,

кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық

мамандандырылған сотының сот приставы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар